Тұздалған қияр мен қызанақтың саудасы қызып тұр

Қазір еліміздің түкпір- түкпірінде жаңа жыл мейрамына дайындық қарбалас. Ер азаматтар жақындарына сыйлық іздесе, қыз-келіншектер мерекелік дастарқанның қамына кіріскен. Аймақтағы тілшілеріміз мереке қарсаңындағы әзірлік туралы баяндайды. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Оралда да жаңа жылға дайындық қарбалас. Сауда орталықтары мен қала базарлары халыққа лық толы. Бірі сыйлық іздесе, енді бірі дастарқан қамымен сабылып жүр. Сатушылар төрткүл дүниені дүрліктірген пандемиядан қорқып қалған. Карантин жоқтығына қуанып, жыл соңындағы сауда қарқыны бірқалыпты деп шүкірлік етіп отыр. Юлия САВЕНКОВА, САТУШЫ: Адамдар аула мен үйін безендіретін түрлі шамдарды көп алады. Бұдан бөлек, естелікке сағат пен өзге де кәдесыйларға сұраныс көп. Көбі шыршаны безендіретін әшекейлер мен ойыншық іздейді. Жаңажылдық бұйымдарды сатушылардың айтуынша, қазір сыйлықтан гөрі дастарқан қамымен жүгіргендер көп. Өйткені ағайын-туыс, дос-жаран бас қосқанда үй иесіне үстелді жайнатып қоюға тырысады. Любовь МАКАРОВА, САТУШЫ: Баға жылдағыдан қымбат. Бірақ жылда бір келетін мереке ғой. Аянып жатқан ешкім жоқ. Сауда жақсы жүріп жатыр. Тұздалған қияр мен қызанақты алушылар көп. Мейрамнан кейін бас жазатын шығар))) Ләйла ҚАДЫРОВА, САТУШЫ: Менің тауарымды алатын тек өзімнің клиенттерім, бұйырғаны болып жатыр, шүкір, бәрі жақсы. Жаңа жыл тек денсаулық, бәріңізге бақыт тілейміз бүкіл қазақстандықтарға, оралдықтарға соның ішінде. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бізбен тілдескен оралдықтар жаңажылдық дастарқанның шығыны аз еместігін жасырмады. Мысалы, 5-6 адамдық шағын отбасылық отырысқа кемінде 50 мың теңге жұмсайды екен. Ал биылғы дастарқан төрінде қандай дәм тұратыны туралы әріптесім Айзада әдемілеп айтып береді. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Жаңа жылдың қамына өзге қыз-келіншектер секілді мен де бүгіннен бастап кірістім. Қазы-қарта, жал-жаяны алдын ала пісіріп, суытып турауға дайындап қоймақпын. Қазір бүлкілдеп, қазанда жылқы еті қайнап жатыр. Ол піскенше, басқа тірліктерді бітіріп алуга болады. Жаңа жылдың басты сәні шырша демекші, міндетті түрде «оливье» салатын әзірлеймін. Оның дайындалуын көбіңіз білесіздер. Сондықтан мен бүгін сіздермен өзімнің сүйіп жейтін, қонақтарыма да ұнайтын фирмалық салатымның әзірлену жолымен бөліскім келіп тұр. Бұл - өзі жасалуы өте оңай салат. «Кемпірқосақ» деп атаймын өзім. Бір тәрелкеге 1 жұмыртқа, 1 дана қияр, 1 дана помидор. Және 2-3 ас қасық консервіленген тәтті жүгері жетеді.. Шығыны да көп емес. Жәй қызық үшін есептеп көрейік. Қиярдың келісі 1500 теңге тұрады, екі қияр -385 теңге болды. Қызанақтың келісі 700 теңге. Мен мынаны 172 теңгеге алдым. Тәтті жүгері – 660 теңге. Жұмыртқаның бір данасы-60 теңге. Тәтті жүгері – 660 теңге. Майонез – 730 теңге. Екі тәрелке салатқа 2 067 теңге жұмсадым. Алдын ала пісіріп қойған жұмыртқаны , қияр мен қызанақты барлығын төртбұрыштап турап аламын алдымен. Осылай тәрелкеге кемпірқосақ тәрізді түсін үйлестіре салып шығамыз. Үстінен татымына қарай тұз себеміз. Міне, салатымыз дайын. Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Жаңа жылда қоян бейнесіндегі салаттар жасауға да болады. Ол енді өздеріңіздің қиялдарыңызға байланысты. Ал мен қоян жылында барлығыңыздың дастархандарыңыздан дәм, көңілдеріңізден сән кетпесін деген тілек айтамын. Жаңа жылдық қарбаласпен менің өзге өңірлердегі әріптестерім де шапқылап жүрген болар?... Алматылық әріптесім Әйгерім Пернебек сұлулық салонында жүрмін дейді. Мереке алында қыз-келіншектер өздерін де ретке келтіріп, әдемі болғысы келетіні жасырын емес.Сөз-Әйгерімде... Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Сұлулық әлемді кұтқарады дейді. Үй шаруасымен әлек болып жүрген сұлулар тек дастархан мәзірін ойлап ғана қоймай, өзімізге де уақыт бөлгеніміз жөн. Нәзік жандыларды мерекеге орай әсемдей түсетін сұлулық әлемінің қызметінің жаңа жыл қарсаңындағы жұмысы қалай жүріп жатыр, қандай қызмет түрлері ең көп сұранысқа ие? Наргис ТАСТАНБЕКОВА, КӘСІПКЕР: Кейбір адамдар 1-2 ай бұрын жазылады. Салонға тек әйел адамдар емес ер кісілер де келеді. Сұранысқа ең көп ие қызметтердің алдында ол маникюр, шаш бояу, кірпік жасату. Салонға келушілердің қарасы көп. Әсемдікке ұмтылған қыз-келіншектерді мерекеге дайындау үшін мамандар да аянбай еңбек етуге дайын. Зарина БАЙКЕН, СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Косметический услугалаға қазір сұраныс көбейіп жатыр, сол себепті бағалар көтеріліп жатыр. Жаңа жыл қарсаңында бәрі жаңа жылды әдемі болып қарсы алғысы келеді, сол себепті біз үзіліссіз кешке дейін жұмыс жасап жатырмыз. Жаңа жыл қарсаңында ажарды ашып, әдемілене түсу үшін қалтада қомақты қаржы болу керек дейді сарапшылар. Өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараз және сұлулық салоны қызметі 17% қымбаттаҒАН. Анель ГИЛЬМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Маникюр, прическа осы жаңа жыл алдында өте қажет деп ойлаймын әрбір қызға. Сондықтан жаңа жылдың алдында әдемі болғымыз келеді. Қаражат көп кетеді, әрине, но әдемі болу үшін өзімізден ештене аямаймыз. Әйгерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Макияж жасалды, шаш үлгісін әдеміледік, тырнақ әрленді, енді тек жаңа жылды күту қалды. Әрдайым әдемі болыңыздар, қыз-келіншектер! А. Төребекқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады