Twitter-дің бұрынғы төрт топ-менеджері компания иесі, бизнесмен Илон Маскты сотқа беріп, жұмыстан шыққаны үшін 128 миллион доллардан астам ақша талап етті, деп жазды inform.kz.Калифорния федералды сотындағы талапкерлердің арасында Twitter-дің бұрынғы атқарушы директоры Параг Агравал, бұрынғы қаржы директоры Нед Сигал, бұрынғы бас заңгер Виджая Гадде және бұрынғы бас кеңесші Шон Эджетт бар.Бұған дейін Масктың оларды жұмысқа деген немқұрайлығы мен тәртіпті қасақана бұзғаны үшін жұмыстан шығарғаны хабарланған болатын. Компанияның бұрынғы қызметкерлері бұл айыпты жоққа шығарады. Олардың айтуынша, Маск оларға жұмыстан шығу жәрдемақысын төлемеу үшін қисынсыз себептермен жұмыстан шығарған. Бұған дейін Илон Масктың өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісін тастап кеткен жарнама берушілерге айып таққаны хабарланған болатын. Бірқатар ірі компаниялар платформада өркен жайып келе жатқан антисемитизм мен Масктың өзі айтқан жанжалға байланысты Х-те жарнама жариялауды тоқтатқан еді.