Рыбакина Miami Open финалынан кейін мәлімдеме жасады. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Miami Open турнирінің финалынан кейін әлеуметтік желіде осылай жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz."Бүгін қиын күн, екінші орын, бірақ мұндағы екі аптадан көптеген позитив алуға болады. Барлығына қолдағаны үшін рақмет. Демалатын және топырақты маусымға дайындалатын кез жетті", - деп жазды Елена Рыбакина Instagram-дағы парақшасында.