Тынық мұхитта, Чилиге жақын маңда 5,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.Эпицентрі Темуко қаласынан солтүстік-батысқа қарай 101 шақырым жерде, 238 мың тұрғыны бар аумақта орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 19 шақырым тереңде жатыр. Цунами болу қаупі туралы ақпарат жоқ.