«Тыныш ұйықтай алмаймыз, үреймен өмір сүреміз», - тұрғын

«Мәртебесі – қала, мәселесі – қора». Осылай деген Қосшы халқы телеарнамызға шағымданды. Бас қаланың іргесіндегі шаһарда шешілмеген түйіткіл көп. Екі күннің бірінде жарық өшеді. Ал электр қуаты болмаса тұрғындар не суға, не жылуға жарымайды. Жарықтың жоқтығынан ұрлық та көбейген. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бұл – бас қаладан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан Қосшы қаласы. Бірнеше жыл бұрын ғана қала атауына ие болған аймақта бір қарасаң ешқандай мәселе жоқтай көрінеді. Жол бар, жарық шамдар қойылған, камерасы да іске қосылды. Бірақ мұның бәрі іс жүзінде жұмыс істейді деп айту қиын. 2021 жылы Қосшыға қала деген жаңа мәртебе берілгенімен, ауыл болып тұрған кезде жабысқан проблемалардан толық арыла алмай келеді. Жаңа қаланың ескі дертінің бірі – көше жарығы. Қалада негізі шам бар, бірақ не күндіз, не түнде жанбайды. Салдарынан ұрлық көбейген. Құдайберген ҚОНАРБАЙ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көше жарықтары болмағаннан кейін Қосшы қаласындағы жеке үйлерде ұрлық өте көп. Кешке 6-7 кейін, қараңғы түскенне кейін көшеге шығуға қорқамыз. Далада жүре алмаймыз. Қазір күн ерте батады. Екінші ауысымда оқитын оқушылар сабақтан шығамын дегенше қараңғы түседі. Көше жарығы болмағаннан кейін балаларымыз үйге жеткенше ине үстінде отырамыз, - дейді тұрғындар. Себебін білу үшін жауапты маманмен тілдестік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы түйіткілдің неден шыққаннын білмей састы. Тіпті, қалада қанша көше бар екенін айта алмады. «Аумақтың тіршілігін білмейтін маман» әйтеуір дегенде сауалымызға жауап берді. Сағындық МЫҢЖАСАРҰЛЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Қазірге РП-3-те перегрузка. Мощность жетпей жатыр. Сол үшін біз көше жарығын сөндіріп тастадық. Көшедегі шамнан бөлек, жұрт үйдегі жарыққа да жарымай отыр. Ал, жарық болмаса жылу да, су да жоқ. Үйлердің көбі көмір жақса, кейбірі электр қуатымен жылытатын жүйе орнатып алған. Демек көмір пешті үрлейтін сорғы да, су сорғысы да энергиямен жұмыс істейді. Әлі күнге дейін майшам қолданатын жұрт «бұл мәселе майшаммен қаралуы тиіс» деп ашынып отыр. Олжас СЕЙІТАЕВ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйімізді жылыту үшін электр қуатына тәуелдіміз. Қазір қыс ауасы. Өте суық. Соған қарамастан ауылда жарық көп өшеді. Сосын үйіміз суып кетеді. Бәріміздің балаларымыз бар. Ауырып қалуы мүмкін. Бұдан бөлек мәселе көп. Газ, жарық, айта берсең таусылмайды. Желтоқсан айының басындағы қатты аяздан еліміздің әр өңірінде жылу құбырлары жарылып, қазандықтар істен шығып жатқанда Қосшыдағы көп қабатты тұрғын үйде тұратындар 1 тәулік бойы жылусыз отырды. Мәселесі шаш етектен шашылған шаһардың басшыларымен кездесу мүмкін болмады. Біз түгілі, тұрғындардың өзі әкімді мүлде көрген емеспіз, - деді. Бірақ баспасөз хатшысы бұл пікірмен келіспейді. Ардақ ЗҰЛҚАЖАПҚЫЗЫ, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Ашық әкімдік Қосшы қаласында. Қосшы ауыл болған кезде 30 мың халыққа ғана арналған желісі болған. Оның көбісі тозығы шыққан. Барлық инфрақұрылым желілеріне, электр желісі болсын, кәріз жүйесі болсын, ауыз су мәселесі болсын қиындық болды. Қазір Қосшы қаласының бас жоспары дайндалып жатыр. 2038 жылға қарай халық саны 200 мың адамға жетуі мүмкін. Ал қазір қалада 55 мың адам тұрады. Бұл – ресми мәлімет. Бейресмиіне келсек, 100 мыңнан асады. Инфрақұрылым мұндай өсімге дайын болмаған. Мәселенің туындау себебі де – осы. Былтыр шаһарға тағы 5 мыңға жуық адам сырттан көшіп келді. Демографиялық көрсеткіш те жаман емес. Енді аталған мәселелер дер кезінде шешілмесе, әрең қала болған аймақ қайтадан өркениеттен жұрдай мекенге айналады, - дейді тұрғындар. Жауаптылар жарық мәселесі осы айдың соңына дейін, ал газ 2025 жылға қарай толық шешіледі деп уәде берді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды