«Тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпесін»: Нұрлан имам енесімен шығыса алмайтын келіндерге ақыл айтты

Имам бір-бірімен шығыса алмайтын ене мен келіндерге ақыл айтты. Сонымен бірге тырнақ өсіретін келіндерге тілдерін қысқартып жүруді ескертті. Танымал Нұрлан имам қазіргі көп келіндердің көз жасына енелер кінәлі деп айыптады. Айтуынша, келіннің өмірін тозаққа айналдыратын аналар көбейіп бара жатыр. Сондай-ақ, келіндерге де ескерту айтты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. «Қазіргі көп жылаған келіндердің түбінде енелер бар. Көп енелердің келінге қиянаты көп. Балалардың отбасына араласып, ыдыс-аяққа араласып, туысқандарға жамандайды. Сөйтіп келіннің өмірін тозаққа айналдыратын енелер көбейіп бара жатыр. Балаңызды тым шектен жақсы көрсеңіз де оны түбі сіз бақпайсыз. Келінін 3-4 баламен қаңғытып жіберетін енелер де бар. «Бала белде, қатын жолда» деген ақымақ сөздері бар. Осылай біреудің обалына қала берген дұрыс па? Балаңызды жақсы көріңіз. Бірақ оны келіннен қызғанып, дұшпан қылып аласыз. Құдайда сізді сол келіннен қолына сүмірейтіп қаратып қояды. Сондықтан жамандамаңыздар. Одан келін өзгермейді. Жақсы келін қалайсыз ба, жақсы ата-ана бола біліңіз. Хатты қарап отырсақ, жылаған, боздаған, қайғырған келіндер көп. Сөздің соңы келінге міндеттісің деуден шығыңыз. Ешкім ешкімге міндетті емес», - дейді имам. Бұдан бөлек, ол енелерге келінді тәрбиелемеуді және оған ақыл айтуды қою керектігін айтты. Сондай-ақ, кейбір кезде келіндерде де кінә барын атап өтті. "Келіндерге де айтамын тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпеуі керек. Таяқтың екінші жағы бар. Келіндерден де бар кішкене. Тырнақты өсірген кезде мына тілді де өсірмеңіздер. Мінезді де басуға тырысыңыздар. Содан кейін жігітке де айтқым келеді. Таңдап алған әйеліңізді ешкімге жығып бермеңіздер", - дейді Нұрлан имам.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтар Сириядағы соғыстық қимылдарына қатысқаны үшін сотталды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді