Павлодарда 25 жастағы жігіт өзенге батып кетті.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда сағат 23:00 шамасында Усолка өзенінде демалу кезінде шомылуға жабдықталмаған жерде адам жоғалып кеткен. «Құтқарушылар 18 маусым күні сағат 10:00-ден бастап іздеу жұмыстарына кірісті. Экипажы бар құтқару қайығы іске қосылды. Сағат 12:20-да эхолоттың көмегімен денесі екі метр тереңдікте және жағадан 15 метр қашықтықта табылды», – дейді департаментте. Сүңгуірлер ер адамның денесін алып шығып, полицияға тапсырды. Оқиға орнында екі техника, бес құтқарушы мен 102 қызмет қызметкерлері жұмыс істеді.