ҰБТ-2023: 50 талапкер тестілеуден шеттетіліп, 39-ы аудиториядан шығарылды

Биыл 50 ҰБТ тапсырушы телефон алып кіргені үшін тест тапсырудан шеттетілген, ал 39 талапкер тестілеу кезінде аудиториядан шығарылған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды. ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам адам тест тапсырған. Ұлттық бірыңғай тестілеуді талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде және 50 үміткер ағылшын тілінде тапсырып, сәтті өткен. ҰБТ басталған кезден бері талапкерлердің 76 пайызға жуығы шекті баллды ала алған. Орташа балл мөлшері 68-ді құраған, ал ең жоғары балл – 137. Ең аз таңдалған комбинация - "Химия-Физика" "Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Естеріңізге сала кетсем, тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы "Математика-Физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы "Биология-Химия" комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны 50 адам тапсырған", – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. Министрліктің мәліметінше, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілер үшін жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында ҰБТ-ға бірінші аптада 108 талапкер қатысқан. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беруге болады Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, деп қосты министрлікте. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестке қатысушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сенсек, бүгінде 50 талапкер смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Өзге ереже бұзған тұлғалар анықталмаған. Айта кетейік, министрлік биылғы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеуі аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізілетінін және тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылатынын ескертті. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (видео)
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Атырауда алғаш рет “Есірткіге жол жоқ“ жастар форумы өтті
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елордада егіз балаға жүкті әйелге жатырішілік операция жасалды
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылуы мүмкін
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Садриддин Ахмедов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп шықты (ВИДЕО)
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті