"ҰБТ форматы өзгереді", - министр

Келер жылдан бастап Ұлттық Біріңғай тестілеу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Бірақ, биылғы тестілеу әдеттегі форматта өтуде. Оған 180 мыңнан аса жас түлек қатысады. Ал, су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған 6 өңірдің түлектеріне тест 25 мамырда басталады. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:Дәл қазір тестілеу орталығында түлектер тексерістен өтіп жатыр. Смартфон, гаджеттерін тапсырып, тестілеу кабинеттеріне кіруде. Бүгін шамамен 120 бала сынақ тапсырады. Түлектердің қобалжып тұрғандары байқалады. Мұғалімдер мен ата-аналары сәттілік тілеуде. Иә, қобалжу болғанымен түлектердің бойынан еркіндік сезіледі. Еркін формамен тексеруден кедергісіз өтіп жатты. Тестілеуге еті үйренгендей. Данияр ҚҰЗАРБЕК, ОҚУШЫ:Бұған дейін наурызда тапсырғанмын. Дайындыққа қатыстым. Енді 70-80-нен жоғары аламын деп ойлаймын. Соған сенімдімін. Математика мен физика, электро-физика және автоматтандыру деген мамандық. Грант саны көп. Минимальный балл 50-55 болып тұр. 60-тан жоғары алсаң түсуге мүмкіндік бар. Түлекке тесті тапсыруға әдеттегідей 4 сағат беріледі. 120 сұрақ. Жоғарғы балл - 140. Жоғары оқу орнына түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек. Ал шығармашылық мамандығын таңдайтындар 30 сұраққа жауап берсе жеткілікті. Түлектер тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Ботакөз САРВАРОВА, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Электронды форматқа өтудің басты ерекшелігі, бала тест тапсырғандағы нәтижесін бірден көре алады. Біз опеляцияға келесі күні келіп, өтініш беретін едік. Ал қазір бала сұрақтармен келіспеген жағдайда сол компютерде тестілеуді аяқтап болғаннан кейін опеляцияға өтініш бере алады. Келер жылы Ұлттық Біріңғай тестілеудің форматы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы сала министрі Саясат Нұрбек айтты. Жобаны пилоттық режимде іске қосу үшін 50 мың сұрақ әзірленеді. Дайындық жұмыстары биыл басталады. Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:Біз пилот жобаны келесі жылы бастаймыз. Жоба ҰБТ форматын бірден өзгертпейді, белгілі бір пилоттық режимде іске қосылады. Бірте-бірте біз SIT халықаралық стандартына көшеміз, онда әр талапкердің өзі тестілеу орнын, уақытын таңдайды, дайындалады, тапсырады, сертификат алады, сонымен оқуға түседі. Мектеп бітіретін оқушылар ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін сынақтан өтеді. Ал негізгі гранттің тесті мамыр-маусым айларында 2 рет болады. Ең үздік нәтижесімен конкурсқа қатыса алады. Айта кетейік, қазір Елордада екі тестілеу орталығы жұмыс істеп тұр. Күніне екі лекпен сынақ тапсыруда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Ғасыр дерті S.O.S
Жаңажылдық базарлық
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?