"ҰБТ-ға дайындау үшін лицензия беру елімізде қарастырылмаған",-заңгер

Алматыда түлектердің ата-аналарын ондаған миллион теңгеге алдап кеткен азамат ұсталды. 22 жастағы ер адам ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығы директорының атынан әрекет еткен. Жоғары нәтижеге уәде беріп, артынан қыруар қаражатпен қоса жоқ болып кетті. Мұндай орталықтарды таңдағанда нені ескерген жөн? Қапыда қалмау үшін не істеу керек? Тілшіміз тарқатады."ҰБТ PRO" орталығы ата-аналарға бір бағдарлама үшін 238 мың теңгені бөліп төлеуге болады деген. Сөйте тұра, бала тестілеуден өтпей қалса, «мұғалім» ақшаны қайтаруға уәде беріпті. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы ақшаны жымқырып, ізін суытқан. Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ: Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр. Жарнамасы жер жаратын ҰБТ-ға дайындық орталықтары көп. Бағалары да әр түрлі. Бағдарламалар кемінде 10.000 басталып, 500.000-ға дейін жетеді. Егер нәтиже болмаса, ақшаңды қайтарып беремін дейтіндері де бар. Осыған сенген оқушылар мектепте ала алмаған білімді қосымша сабақтан алуға тырысады. БЛИЦ: - Қазір небір курстар бар ғой. Мектепке қарағанда жақсы үйретеді. 11-сыныпта оқимын. Қазір өзім дайындалып жүрмін курсқа. Енді барайын деп жүрмін. Мектепте тек 11 сыныптың бағдарламасы. Ал курста бәрін үйретеді толық. Сонысы жақсы деп ойлаймын. - Білім жетіспеушілік қазір Қазақстанда көп болып жатыр. Сондықтан курсқа қатысады қазір ҰБТ-ға дайындалу үшін. ЕНТ-ға солай қатыспасаң, аз балл жинап қалуың мүмкін. Ешкім кепіл емес қазір мектептен шығып көп балл жинап кетуіңе. - Курстарда мектептен гөрі көбірек білім береді. Мен өзім ондай орталықтарға бармадым, қаражатым жетпеді. Сондықтан, ҰБТ-да 65 балл алдым. Сыныптастарым қосымша дайындалып, 100 балл алып жатты. Алайда, ұлттық тестке дайындайтын сарапшылар жалған маркетингтің жетегінде кетпеуге шақырады. Айтуларынша, бір де бір курс оқуға түсуге 100 процент кепілдік бере алмайды. Алмас АППАЗОВ, БАҒДАРЛАМА АВТОРЫ: Осы жылы 15.000 адам грантқа түсті, 20.000 адам грантқа түсті деген сияқты жарнамаларды жасап, оқушыларды тартады. Осы жерде ескеретін нәрсе, бізде Қазақстанда жылына шамамен қазіргі күні 70-75.000 көлемінде грант бөлінеді. Бізде қаншама оқу орталығы бар, қаншама оқытушы бар, курсқа бармайтын да оқушылар бар. Соның ішінде бір ғана орталық бір жылға бөлінетін гранттың 30 пайызын шығара алмайды ғой. Заңгерлер қандай да бір курстарға ақша құймас бұрын, сол орталық ұсынған келісімшартпен толық танысуға кеңес береді. Айтуларынша, үйден жұмыс істейтін репетиторлардың өзі жеке кәсіпкер болып тіркеліп, "қызмет көрсету туралы" келісімшартқа отыруы міндетті. Бағдат АМАНДОСҰЛЫ, ЗАҢГЕР: Егер осындай жеке орталықтар жаңадан ашылып, барлығынан ақша алып, жазбаша шарт жасаспай, өздерінің жеке қызметкерлерінің банктік шоттарына қаражаттар қабылдайтын болса, ондай орталықтардан қашу керек. Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасында осындай арнайы орталықтарға рұқсат беретін, ҰБТ-ға дайындау үшін лицензия беру қарастырылмаған. Осы заңның ақаулығына байланысты қазір ата-аналар алданып қалып жатады. Таңдау еркіндігі дамыған заманда балаларға қосымша орталықтарға қатыс, я қатыспа деп айта алмайсың. Десе де, мұндай орталықтардың көмегіне жүгінбей тұрып, ол туралы толық ақпаратты алып, немқұрайлылықты шетке ысырған жөн. Әйтпегенде, білімсіз, қаражатсыз сан соғып қалу әбден мүмкін. М. Жақан

Читать источник astanatv.kz/kz/
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Қазақстан чемпионаты: финалға өткен боксшылар белгілі болды
«Қазақ маман қарастырылып жатыр»: Станислав Черчесов бапкерліктен кетуі мүмкін
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан