Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарын көшіріп алуға тырысқан үш қызметкер жауапқа тартылды. Заң бұзушылықты Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтады. Олардың әрқайсысы 1 жыл бас бостандығынан айырылды. Абақтыдан шыққаннан кейін тағы үш жыл ақпараттық салады лауазымды қызметте жұмыс істей алмайды. Аркен АБДУҒАЛИ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ: Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұғулары дәлелденді.