UFC турнирінде америкалық Брайан Баттл мен конголық Эндж Луса арасындағы жекпе-жек жарамсыз деп танылып, жанжалға ұласты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) спортшылар арасындағы кездесу Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен кештің екінші маңызды оқиғасы болды. Бастапқы раундта Баттл айқын басымдыққа ие болды: барлық төреші бұл аралықты 10:9 есебімен америкалықтың пайдасына шешті. Алайда екінші бес минуттық кезеңнің басында америкалық файтер бас бармағымен қарсыласының көзін шұғып алған. Лусаны дәрігер тексерген соң, жекпе-жекті тоқтатуды ұсынды. Конголықтың қалпына келуі үшін санаулы минуттар қалғандықтан, жекпе-жек жарамсыз деп танылды. Нәтиже жарияланғаннан кейін Баттл мен Луса қол алыспай, бір-бірін балағаттай жөнелді. Күзетшілер төбелес болмас үшін спортшыларды ажыратып әкетті.