Үкімет басшысы ауыл балаларының демалысына алаңдаушылық білдірді

Қоңыраудың қоңыр үні, жүректі тебірентер сәт. 25 мамыр "соңғы қоңырау" күні ретінде жадымызда жатталды. Бірақ, биыл бәрі басқаша. Қоңырау бүгін соғылған жоқ. Десе де, желіде мектеп бітірген жылдарын санап, бір- бірін мерекемен құттықтап жатқандар көп. Ал оқушылар келер аптаның ортасына дейін оқиды. Жазғы демалыстың ауылы алыс емес. Балалар 90 күн каникулды қалай өткізеді? Тынығу лагері елімізде жеткілікті ме? Мәселе Үкімет отырысында қаралды.Биыл 12 мыңға жуық лагерь ұйымдастырылады екен. Оның 11 мыңнан астамы мектеп жанынан ашылса, 236-ға жуық қала сыртындағы сауықтыру орындары. Яғни, оқушылардың 85 проценті қамтылады. Демалыс орындарының басым көпшілігі мектеп жанында. Қайтадан оқу орнына бару балаларды қаншалықты қызықтыратыны бесенеден белгілі емес пе? Ал лагерьге жолдама алуға кез келгеннің шамасы жетпейді. Ауыл балаларына ол тіпті арман. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Өңірлерде балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын тиімді өткізу ісі көп жағдайда формалды түрде жүргезіледі. Әсерлі, мағыналы іс-шаралар аз. Көбіне сапасы сын көтермейді. Жалпы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде көптеген маңызды мәселелерді ескеру қажет.Әсіресе, балаларға арналған бұқаралық іс-шаралар, соның ішінде қорытынды емтихандар бекітілген кестеге сәйкес сапалы өтуі тиіс Көпбалалы отбасынан шыққан, әлеуметтік аз қамтылған және үздік оқушыларға тегін жолдамалар үлестіріледі. Бірақ денсаулығында кінәрат жоқтығы жөнінде анықтама алу міндетті. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде баратын балаларды медициналық тексеру, оның ішінде иммундық статусы, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар бере отырып, инфекциялық науқастармен байланысының жоқтығын тексеру ұйымдастырылады. Лагерьдің сапасына қатысты да сын көп. Қауіпсіздік, қаржысы, тамақтың құрамы секілді мәселе жетерлік. Сондықтан көпшілігі балаларын өздері қыдыртып немесе ауылға жіберуді жөн көреді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ата-апасына жазғы демалыста ауылға барамыз. - Ауылға барамыз. - Жазда ауылға барады, ата-әжесінің қолында болады. - А бізде әлі шешілген жоқ ол. Барлық бала лагерьге сыймайды. Толық қамту мүмкін емес. Сондықтан Үкімет басшысы әкімдер мен жауапты министрліктерге жазғы демалысты жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Экскурсиялық-танымдық іс-шаралар өткізіп, балалардың табиғат аясына саяхаттарын арттыруы тиіс. Музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктер мен спорт нысандарына тегін баруды, шалғай елді мекендерде тұратын балаларды мәдени-тарихи жерлерге, Астанаға апару қажет деді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды