Үкімет басшысы Олжас Бектенов Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.Сапар аясында Үкімет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады. Кездесу барысында екі елдің қарым-қатынасы сенім мен өзара түсіністікке негізделген стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі екені атап өтілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд долларға теңелді. Алдағы уақытта сауда-саттық көлемін одан әрі арттыру, экономикалық байланыстарды нығайта түсу маңызды. Бұл төңіректегі мәселелерді пысықтау мақсатында Үкімет басшысы Олжас Бектенов пен Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Ариповтың төрағалығымен үкіметтік деңгейдегі келіссөз өтті. Оның барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, көлік-логистикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту бойынша қолға алынып жатқан шаралар жайы талқыланды.«Екі ел президенттері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты сапалы деңгейге шығару міндетін жүктеді. Біз тауар айналымын арттыру үшін мол мүмкіндік бар екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдардың арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті күш-жігерімізді жұмсауға әзірміз», - деп атап өтті Олжас Бектенов. Өз кезегінде Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов атап өткендей, екі елдің сенімді достық ұстанымына ұйыған қарым-қатынасы стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың одан әрі нығая түсуіне оң ықпал етеді.«Біздің елдеріміздің көшбасшылары екі ел арасындағы көпжоспарлы қатынастарды одан әрі кеңейту бойынша нақты міндеттер қойды. Оларды орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайынбыз», - деп тоқталды Абдулла Арипов. Келіссөздер барысында Үкімет басшысы өңірдің көлік-транзиттік әлеуеттін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті. Бұдан бөлек, Олжас Бектенов Қазақстан Өзбекстан нарғына 500 млн долларға бағаланатын 255 тауар түрін экспорттауға дайын екенін айтты.Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Олжас Бектенов Ташкенттегі өнеркәсіптік, тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, жоғары технологиялық лифтілер мен эскалаторлар жасап шығаратын Texnopark-тің жұмысымен танысты. 100 гектардан астам аумаққа орналасқан өнеркәсіптік кешенде бүгінде 17 жоба іске асып жатыр. Осы ретте Үкімет басшысына әр цехтегі жұмыс барысы таныстырылып, өнімді шығару тәсілдері туралы ақпарат ұсынылды. Айта кетейік, қазіргі таңда өнеркәсіптік кооперация аясында 13,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 60 жоба іске асырылып жатыр. Олардың жалпы сомасы 2,6 млрд долларға тең. Бұған қоса, перспективалы деп бағаланған тағы 43 жоба бар. Екіжақты сауда әлеуетін одан әрі арттыру ісінде «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының да маңызы орасан. Тоқтала кетсек, қазақ-өзбек шекарасында орналасатын бұл кешеннің құрылысы биыл басталады. Қазақстанның Түркістан және Өзбекстанның Сырдария облыстарында салынатын өнеркәсіптік кешен 100 гектарға жуық аумақты қамтиды. Біздің ел тарапынан 50 гектар жер бөлініп, құрылысты жүргізетін инвестор табылған. Жоба бойынша, онда жабық кешен салынып, өндіріс және көтерме саудаға лайықты жағдай жасалмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
«Астана» жеңісті уысынан жіберіп алды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Қарағандыда көктемгі су тасқынына алдын ала дайындық басталды
Астанада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
«Ол – жүрегім сүйер соңғы адам»: әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жазбасымен оқырманды ойландырып қойды
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Алматы облысында жер үйде газ жарылып, екі адам жарақат алды
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Орынсыз қызғана берме: Ғаділбек Жанай келіншегін жұрттың көзінше жылатып қойды
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады
Футзал: “Қайрат“ Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне бір табан жақын қалды
Жетісуда пробация есебіндегі азамат жеке кәсіп ашты
Курчатов қаласында үйде қамалып қалған баланы құтқарушылар сыртқа шығарды
«Парасат майданы» спектаклі көрермен назарына ұсынылады
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Құжатым жоқ, мектепке бармаймын: Әлеуметтік желіде ауыр жұмыс істеп жүрген баланың бейнежазбасы тарады
Жаңаөзенде 33 жастағы ер адам жұрттың көзінше өз-өзіне қол жұмсады
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қайта жанданды