"Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек",- Президент

Құрылыс компаниялары заңнаманы айналып өтіп, үлескерлер қаражатын заңсыз тартып келеді. Бұл ретте Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.«Тұрғын үй құрылысы саласында қордаланған көптеген мәселе бар. Инженерлік инфрақұрылымның жетіспеушілігінен әкімдік тұрғын үй құрылысын біртіндеп бәсеңдетуді ұсынады. Ал, астанада бала туу көрсеткіші жоғары және көшіп келушілер қатары да көп. Құрылыс қарқынын бәсеңдететін болсақ, 30 мыңдай адам жұмыссыз қалатынын ескеруіміз керек. Мұндай мәселелер туындамас үшін қаланың дамуын жүйелі жоспалау қажет», - деді Президент. Мемлекет басшысы астана тиісті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі және салынып жатқан нысандардың барлығында заманауи энергия үнемдейтін технологиялар қолданылуы тиістігін айтты. Сондай-ақ, шамамен 4 мың үлескердің мәселесі де күн тәртібінен түспегеніне назар аударды. «Заңнамалық базаның осалдығынан қалада проблемалық нысандар тағы пайда боулы мүмкін. Қазір Астанада 90-нан астам тұрғын-жай кешені рұқсат құжаттарынсыз салынып жатыр. Құрылыс компаниялары мардымсыз айыппұлды төлеп, тұрғындар қаражатын тартуды жалғасыра береді. Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек. Құрылыс салушылардың заңнаманы айналып өтіп, үлескерлер қаражатын тартуына жол бермеу қажет. Бұл жұмысқа Қаржылық мониторинг агенттігі атсалысуы керек», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Президент жер телімін бөлу мәселесінде ашықтық болуына талап етті. «Құзыретті органдарға жер телімін бөлу мәселесінде ашықтық жоғы туралы көп шағым түсіп жатыр. Әңгіме танымал құрылыс компанияларына жасалатын «ерекше» жағдай туралы. Бұл процесс толығымен ашық болуы керек. Жер цифрлық сервистер арқылы және конкурс негізінде берілуі тиіс. Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселемен мықтап айналысуды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде шырша безендіремін деп жарақат алған мұғалімнің кім екені білгілі болды
Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
Катонқарағай мен Зайсан әуежайлары қашан беріледі
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді