Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасап, еліміздің келесі Үкімет басшысы кім болатынын Президент пен Парламент Мәжілісі тағайындайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Үкімет басшысы елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Парламент Мәжілісінің депутаттары жаңадан сайланғаннан кейін Үкімет өкілеттілігін тоқтатып, отставкаға кетеді. Алайда жаңа Үкімет жинақталмағанша, біз өз міндетімізді атқаруды жалғастыра береміз, - деді Әлихан Смайылов журналистерге берген сұқбатында. Ол кімнің жаңа Премьер-министр болатынын Президент пен Мәжіліс шешетінін айтты. Әрине біз кез келген жағдайға дайын боламыз. Еліміз үшін жұмыс істеуге әрдайым дайынбыз, - деп айтты Үкімет басшысы. Сайлауға келген Смайылов журналистерге көңіл-күйі тамаша екенін айтты. Былтыр күрделі жағдайға қарамастан экономиканың 3,2 пайызға өсуіне жағдай жасай алдық. Өз кезегінде халықаралық рейтинг агенттігі біздің зайырлы инвестициялық рейтингімізді растады. Тіпті болжамды жақсарттық. Онымен қоса кәсіпкерлік дамыды. Шағын және орта бизнестегі азаматтарымыздың саны 9,3 пайызға өсті. Ал орта және шағын бизнестегі субъектілер саны 20 пайызға өсті, - деді Смайылов. Ол былтырғы елдегі және шетелдегі геосаяси жағдайға қарамастан еліміздің экономикасы өскенін айтты.