«Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуі тиіс», - Президент

«Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуі тиіс». Үкіметтің жаңа мүшелерімен кездескен Мемлекет басшысы осылай деді. Қазір реформаларды жүзеге асыру қарқыны бәсеңдеген. Әрекетке қарағанда сөз көп екенін мойындау керек. Енді басшылардың алдында бюрократияны тоқтату міндеті тұр. Егер министрлер кабинеті Президент пәрменін жедел орындамаса, жаһандық бәсекеге ілесу қиындай түспек. Жаңа қызметкерлер жалаң сөзден нақты әрекетке көше ала ма? Аружан Задабек айтады.Президент жаңа басшыларға тапсырма берместен бұрын қызметтен кеткен бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа алғысын білдірді. Өткен жылы елдің даму қарқыны бәсеңдеді деуге келмейді. Жетістік бар. Бірақ солай екен деп, жайбарақат отыруға болмайды. Президент алдымен Бюджет және салық саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл тақырыпқа бірінші тоқталуы тегін емес. Соңғы бес жылда бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кеткен. Қазір бюджеттегі былықты реттеу үшін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Десе де бұл құжатқа Мемлекет басшысының көңілі толмайды.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бір реттік төлем жасауды енгізу ісі де аяқсыз қалды. Бұл норманың енгізілгеніне бір жылдан асты. Уәкілетті органдар жұмыстың табысты атқарылғаны туралы есеп берген. Бірақ бизнес өкілдері әлі күнге дейін салық пен жарнаны бюджеттік емес қорларға жеке-жеке төлеп жүр. Президент бұл салаға да сапалы өзгеріс керегін айтты. Сондай-ақ жаңа инвестициялық кезеңді бастауды және Инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Инвесторларға, мысалы, 50 миллион доллардан көп қаржы салуға дайын ірі компанияларға «бір терезе» қағидасымен жан-жақты қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар, жобалардың іске асырылуын қадағалайтын тиімді мониторинг жүйесін іске қосу керек. Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару -инвестицияның қайнар көзі. Олай болса, уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек. Енді түскен қаражатқа еліміз үшін маңызы зор жобалар жүзеге асырылады.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Елде құрылыстың да ақсап тұрғанын байқауға болады. Бір ғана мысал. Жобалардың құнын сметалық есеп арқылы анықтау әдісі әлемдік стандартқа сай емес. Үкімет сол үшін халықаралық тәжірибені негізге алып, құжатты бекіту тәртібін жеңілдету керек. Бір жыл бұрын Президент Қала құрылысы туралы кодекс әзірлеуді тапсырған. Енді оның жобасын мұқият қарау керек. Саланы сыбайлас жемқорлықтың жайпағаны рас. Оны жасыра алмаймыз. Президент ақшаны бармақ басты, көз қысты әрекетпен иемденетіндермен күресуді тапсырды.Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:Құрылыс саласының ауқымы кең. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. Антикор жемқорлықпен күреседі. Бюджет қаражатынан жүргізілген құрылысты біз қатең тексереміз. Президент жиында экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдануды таптырды.Нұрлан БАЙБАЗАРОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:Біз Үкімет деңгейінде осы белгіленген инвестицияларды қай салаға жіберу керегіне жауаптымыз. Яғни қазіргі уақытта екі үлкен ұлттық холдинг бар – «Бәйтерек» және «Самұрық қазына», солардың инвестициялық жобаларын қарастырып жатырмыз. Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыру – стратегиялық міндет. Осы мақсатты іске асыру үшін де Көлік министрлігі құрылған. Қазір теміржол саласына қатысты түйіткіл көп. Вагондарды жаңартып, контейнер тапшылығын жою қажет. Автожол да мәз емес. «Астана-Балқаш-Алматы» тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыстың басталғанына 7 жыл болған. Президент бұған да ерекше тоқталды.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына 5 жыл болды. Содан бері бұл саланың бюджеті екі есе өскен. Биыл қазынадан 2,6 триллион теңге бөлінеді.Бірақ қаржы сапаға сай деп айта алмаймыз. Көп қызмет әлі де қолжетімсіз.Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Мемлекет басшысы кепілдендірілген сақтандыру пакеттерінен бір пакет жасау керек екенін айтты. Оны қазір бастаймыз. Екіншіден, тарифті көтеру мәселесін де қарастырамыз. Үкіметтің алдында тұрған міндеттер – өте маңызды. Жаңа Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмалардың орындалатынына уәде берді.Қазір бүкіл әлем аса күрделі тарихи кезеңде өмір сүріп жатыр. Міне,осы кезеңде мемлекеттің көпжылдық даму бағдары айқындалады. Сондықтан уақыт талабына жылдам әрі батыл қимылдау – маңызды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмолада ұлтаралық алауыздықты қоздырған тұрғын сотталды
Путинцева жартылай финалға шықты
«Қазақстан» спорт кешенінің құрылысы Мәжіліс депутаттарының назарында
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты
«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің пайдасы қандай
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды