Үкімет үш қаланың жылу көздерін жаңғыртуға 16 млрд теңге бөлді

Үкімет Кентау, Риддер және Қызылордадағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен шамамен 16 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қазақстан Үкіметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің жылу электр кешенін ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Кентау, Риддер және Қызылорда қалаларындағы жылу көздеріне реконструкция және күрделі жөндеу жүргізу үшін Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыларға қол қойды. Атап айтқанда, Кентаудағы ЖЭО-5-тің № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын реконструкциялауға 9 млрд теңгеден астам, Риддер жылу электр орталығының технологиялық жабдықтары мен инфрақұрылымына күрделі жөндеу жүргізуге – 4,9 млрд теңге, ал Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш бу қазандығын реконструкциялауға – 2 млрд теңгеден сәл астам қаражат бөлінді. Осылайша, аталған жылу көздерін жаңғыртуға жалпы сомасы шамамен 16 млрд теңге бағытталды. Қабылданып жатқан шаралар алдымыздағы жылыту маусымында Кентау, Риддер және Қызылорда тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Жалпы еліміз бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Екібастұз, Степногор, Рудный, Балқаш және Ақсу қалаларындағы 10 энергоблок, 55 қазандық пен 45 турбинаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар инвестициялық келісімдер аясында осы күндері Екібастұздағы ГРЭС-1-дің №1 энергоблогында қалпына келтіру және Атыраудағы ЖЭО мен Топардағы ГРЭС-те турбоагрегаттарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, Екібастұз ГРЭС-інде №3 энергоблок құрылысы, сондай-ақ Өскемендегі ЖЭО мен Қарағандыдағы ЖЭО-3-ті кеңейту бойынша жобалар жоспарланған. Жоғарыда аталған барлық жобаны жүзеге асыру ортақ жиынтығы 1500 МВт-тан астам жаңа қуатты іске қосуға мүмкіндік береді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Run for autism: шарапаты мол шара
Ерекше жандар елеусіз қалмасын
Желіде Ирандағы тікұшақ апатына қатысты видео тарады
Тағы бір сарбаз қайтыс болды: марқұм жігіттің жақындары жанайқайын жеткізді
Республикалық маңызы бар жолдарда жарықты шағылыстыратын экрандар орнатылды
Бішкекте шетел азаматтарына шабуыл жасады деген үш күдікті ұсталды
Балама қуат бақуатты өмірге бастайды
Түркістан облысында 600 дана су есептегіш құралын ұрлаған ер адам ұсталды
Атырау облысында құтқарушылар тұрғындарды үздіксіз тасымалдауды қолға алды
Алдағы үш күнде ауа райы қалай болмақ?
Қазақша дубляждың жүгі ауыр
БҚО-да суға кеткен саяжайларда су тасқыны салдарын қалай жоюда
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ерекше жандар елеусіз қалмасын
Баба рухы ұлықталған күн
Тікұшақта қайтыс болған президенттің жерлеу рәсімі қашан өтетіні белгілі болды
Атырау облысында мотоцикл жүргізішісі ғимарат қабырғасына соқтығысып мерт болды
Қызылорда облысында ер адамның мәйіті табылды
Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
Семейде көлік қағып кеткен 33 жастағы әйел көз жұмды
Жер – байлықтың анасы
Семейде белгісіз жағдайда қайтыс болған ер адамның мәйіті табылды
Инвестициялар индустрияны дамытады
Run for autism: шарапаты мол шара