«Үкіметпен одан әрі иық тіресе жұмыс істейміз», - депутат

«Үкіметпен одан әрі иық тіресе жұмыс істейміз». ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты осылай деп әлеуметтік желідегі парақшасына пікір жазды.Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «AMANAT» фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға келген Үкімет басшысы фракция депутаттарына Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың жүзеге асуы барысы туралы ақпараттық есеп берді. «Өздеріңіз білетіндей, былтыр Президенттің бастамасымен елімізде болған референдум – Қазақстанның саяси және әлеуметтік өміріндегі үлкен өзгерістердің бастауы болған еді. Нақты реформалар қабылданып, қазір олар жүзеге асып жатыр. Биыл жаңа форматта өткен Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы, жеңімпаз партияның Премьер-Министр кандидатурасын ұсынуы – сол реформалардың логикалық жалғасы, - деді депутат. Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында бизнеске қолдау көрсетіп, халықтың табысын арттыруға, ауылшаруашылық саласын дамытуға басымдық берілген болатын. Осы бағытта Үкімет биыл айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отырғандығын тілге тиек еткен. «Біріншіден, шағын және орта бизнестегі субъектілер саны 27% өсіп, 1,8 миллионнан асты. Бұл салада қазір 4,1 миллион адам еңбек етіп жүр. Сондай-ақ, бизнестегі бюрократиялық кедергілер де анықталып, алынып тасталған. Екіншіден, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғайды. Жыл сайын мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы, студенттердің жәрдемақысы өсіп отырады. Үшіншіден, ауылшаруашылық саласын қолдау мақсатында бөлінетін субсидия көлемі 430 млрд теңгеге дейін өсті. Партиялық «Жер аманаты» жобасы аясында 8 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылып, қарапайым шаруаларға беріліп жатыр. «AMANAT» фракциясы Президент Жолдауы мен сайлауалды бағдарламамыздың жүзеге асуын бақылауда ұстап, Үкіметпен одан әрі иық тіресе жұмыс істейміз. Достар, бұл жиын Фракцияның кезекті жұмыс отырысы. Сайлауалды уәделердің уақытылы орындалуын қадағалау үшін үкімет мүшелерімен мұндай кездесулер Мәжіліс қабырғасында тұрақты өтіп отырады. Біздің Фракция Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Осы міндеттердің орындалуын бақылау үшін министрлер кабинетінің есебін биыл қазан айында тағы тыңдаймыз», - деді мәжілісмен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Қазақстанда үш кассациялық сот құру – сот жүйесін жаңғыртудың қадамы
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді