Үкіметтегі ауыс-түйіс: Қызметінен кеткен министрлер кімдер?

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні бірқатар министрлер ауысып, жаңа Үкімет мүшелері тағайындалды. Мемлекет басшысы ең бірінші Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы лауазымына тағайындады. Содан кейін Президент жарлығымен бірқатар министр ауысты. Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан кетті. Енді экология саласына Зүлфия Болатқызы Сүлейменова жетекшілік етеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Аймағамбетовтың орнына Ғани Бектайұлы Бейсембаев тағайындалды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі де ауысты. Қайырбек Өскенбаевтың орнына Марат Қарабаев тағайындалды. Ол 2021 жылдан бастап осы министрлікте Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып қызмет еткен. Ал Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі болды. Бұған дейін ведомство басшысы болған Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы лауазымына тағайындалған болатын. Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі ауысты. Бұл қызметке Асхат Оралов келді. Осы уақытқа дейін сала министрі болған Дәурен Абаев Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды. Қызметінен босатылған шенеуніктердің қандай қызметке орналасатыны әлі айтылмады. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Алматыда жыл соңына дейін 16 жатақхана пайдалануға беріледі
«Қазақты өлтіретін той»: Коуч халықтың тойшылдығын «тупизм» деп атады (ВИДЕО)
Түзеу мекемесінде КВН өтті
Мемлекеттік сыйақы әлеуметтік осал топтарға ғана төлене ме?
19 өңірде ауа райы қолайсыз
Елордада балаларды спорт секцияларына тегін қабылдау басталады
Алматы облысында ер адам әйелінің жұмысына келіп, өлтірмек болған
«Үй алып бердік деп 3-4 айға пәтер жалдап берген»: «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығы ашылды
Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеді
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
2025 жылдың 1-4 қаңтары демалыс күндері болып белгіленді
“Бізде ешқандай не жоқ!“ Алматы облысында ауыл батпақ құрсауында жатыр
«Апаға үй алып бердік деп 3-4 айға пәтер жалдап берген»: «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығы ашылды
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Жұмыспен қамту бағдарламалары расында жұмыспен қамти ма?
Перизат Қайраттың сұхбаты жарияланды: оның артында кім тұрғаны белгілі болды
Ұстаздардың категориясының өсуі жалақысына қаншалықты әсер етеді?
Тұман, бұрқасын, көктайғақ: 22 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Еліміз туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалық орталығы болуға ниетті
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Синоптиктер 19 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады