Былтыр бюджеттің 489 млрд теңгесі тиімсіз игерілген. Осыған байланысты бюджеттің атқарылуы туралы есепке айтылатын сын көп. Мәжіліс Төрағасы бұл ескертпенің бәрі орынды дейді. Өйткені бұл жыл сайын қайталанады. Ерлан Қошанов мұндағы негізгі мәселе - бюджетті болжау мен жоспарлаудың сапасыз жүргізілуі екенін айтады. Қазір осы олқылықтың орнын толтыру үшін депуттар жаңа Бюджет кодексінің жобасымен жұмыс істеп жатыр. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебін тыңдадық. Көп сын-ескертпе айтылды. Қазір жаңа Бюджет кодексімен жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Парламентке жаңа салық кодексі енгізіледі. Үкімет депутаттардың ұсыныстарына байыппен, мұқият қарауы керек. Осы кодекстермен бірлесіп жұмыс істегенде аталған мәселелерді ескерген жөн деп ойлаймын. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда бюджет процессінде де бізге ортақ жауапкершілік жүктелгенін ұмытпауымыз керек.