Соңғы 15 жылда азық- түлік бағасы бұрын- соңды болмаған қымбатшылыққа әкелді. Инфляция шарықтау шегіне жетті. «Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық- түлікке кетеді» , - деген мемлекет басшысы көкөніс қоймаларының, көтерме-тарату орталықтарының және ауылдық сервистік өткізу кооперативтердің инфрақұрылымын құру бағытында бизнеске көмектесу қажет екенін айтты.Халық соңғы бірнеше жылда күнделікті тұтынатын тамақ өнімдерінің қолжетімсіз болып бара жатқанын айтады. Тіпті өзі елімізде өсетін көкөністердің, сондай-ақ, мал, құс еттерінің бағасы күннен күнге шарықтап барады. Алғашында несиеге тамақ сататын дүкендер көбейіп еді, енді жұрт тамақты қарызға да ала алмайтын күнге жеткен. Қарлығаш ҚАДЫРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Тапқан табысымыз жетпейді ешнәрсеге. Өзіміздің Қазақстанда ет бәрі бар, сол енді қарапайым халыққа өте қымбат шынын айтсақ. Күнделікті өзіміздің халық алатын тамақтың бәрін арзандатса. Шолпан МАЙМАҒАМБЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазір пенсиямыз ап-аз. Магазинге барсақ жартысын қалдырып кетесің пенсияның. Оның үстіне коммунальные платежи қымбат, дәрі-дәрмегің бар оның үстіне. Дәрі-дәрмек қымбаттағаны масқара енді! Бұл ұят нәрсе! Жаңа Қазақстанды солай строить етеміз бе?. Бүгін Президент соңғы 15 жылда азық- түлік бағасы бұрын- соңды болмаған қымбатшылыққа жеткенін айтты. Ал үкіметтің әрекеті бағаны тұрақтандыруға қауқарсыз, - деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық- түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады. Ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық- түлік инфляциясының басты себебі де- осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз. Үкіметке отандық өнім көлемін арттырып , тұрақтандыру қорларын ашық, дұрыс пайдалануды, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуді міндеттеді. Бағаның күрт өсуін тежеуге қатысты тапсырма берді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Жоғары өнім алуды қамтамасыз ету керек. Ашық бәсекелестік болуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, осы саладағы басты түйткілдерді дереу шешу керек. Сонда ғана бағаның күрт өсімін тежеуге мүмкіндік туады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өткізудің заманауи инфрақұрылымын құру жұмыстарын жеделдету керек. Оның жоқтығы делдалдық құрылымдардың шамадан тыс көбеюіне және бағаның көтерілуіне әкеледі. Мысалы, жыл сайын 8 миллион тоннадан астам көкөніс пен картоп жиналады, ал көкөніс қоймаларының сыйымдылығы небәрі 1,7 миллион тонна. Президенттің айтуынша, көкөніс қоймаларының 60%-ы тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталмаған, сақтау қоймаларының 30 пайызы ескірген.