"Үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады". Мәжіліс депутаты киік популяциясын реттеуді талап етті

Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Қазақстанда киік популяциясын реттеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Депутаттың сөзінше, киік санының күрт көбейуі шаруашылыққа жайлы болып тұрған жоқ."Соңғы мәліміттерге сәйкес киік саны 2 миллионнан асқан. Оның 90 пайызы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылымдық жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржылары желге ұшады", - дейді депутат.Аян Зейнуллиннің сөзінше, Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқаптары бүлінеді, орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе сол өңірдің шаруалары 14 млрд.теңге шығынға ұшырайды. Несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болып жатыр."Бұндай жағдайда Үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады. Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстын шаруалары қауқарсыз болып отыр. Тапталған егістіктің өтеуі жоқ. Бұған менің еш қатысым жоқ деп, тек сырттан ғана қарап қалай отыра аламыз?Сонымен қатар түрлі себептермен өліп жатқан киіктер де көп кездесіп жатыр. Ен далада қараусыз тегін жатқан дүниеге ауыл жұртынын қызығушылы артатыны заңдылық. Кәдеге жаратпаса да қабырғаны безендірермін деген оймен өліп жатқан киік мүйізін кесіп алғандар сотталып жатыр, онын ішінде білместік жасаған жасөспірімдер де бар. Бұл жерде заң бұзушыларды жақтап жатқанымыз жоқ. Мәселені осындай деңгейге дейін жеткізбеу керек", - дейді Зейнуллин. Депутаттың айтуынша, сондай-ақ, өліп жатқан киіктер түрлі ауру ошағына айналады. Шаруалардың малы сол жерде жайылатындықтан оларға ауру жұғып, эпизоотиялық ахуал ушығады."Қазақстанға киік мәселесімен қаншама шет елдік эксперттер келгенімен ешқандай нақты қадам жоқ. Қорыта келе айтарымыз: Қазақстанның ең бірінші байлығы – халқы! Осы ретте дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін оны өндірістік жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс пайдаланып, кәдеге жаратқан дұрыс шығар? Егер, Үкімет киік қарғысынан қорқатын болса, шаруалардың шығынын толық өтеп беру механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде нақты шешім керек", - деді Мәжіліс депутаты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды