«Украинадағы қақтығыс ешқашан қажет болған емес, бұл тек трагедия», - Джо Байден

«Украинадағы қақтығыс ешқашан қажет болған емес, бұл тек трагедия». АҚШ президенті Джо Байден осылай деді. Ол Украина мен Польшаға барған сапарында тағы қандай пікір білдірді? Толығырақ Сүндет Оралбеков тарқатады.Соңғы күндері Джо Байденге әлем назары ауды. Оның Украинаға сапары құпия жағдайда болды. АҚШ басшысы Киевтің әлі де күшті екенін атап өтті. Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: Путин Украинаны әлсіз , ал Батыс екіге бөлінді деп санады. Өздеріңіз білетіндей, біз Украинамен бірге болмайды, НАТО-ның бірлігін сақтай алмайды деп ойлады. Біз басқаларды Украина жағына тарта алмаймыз деп сенді. Бірақ ол қателесті. Байден Киевке сапары кезінде Украинаны Ресейдің әуе шабуылдарынан қорғайтын артиллериялық қару, танкіге қарсы және ракетадан қорғайтын жүйе беретінін, Ресей элитасы мен компанияларына жаңа санкция салатынын мәлімдеді. Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 700-ге жуық танктер мен мыңдаған бронды машиналар, 1000 артиллериялық жүйелер, 2 миллионнан астам Артиллериялық оқ-дәрілер, 50-ден астам заманауи зымыран жүйелері, кемеге қарсы және ракетаға қарсы жүйелер Украинаны қорғайды және біз жарты миллиард доллар ақшалай көмек береміз. Киевте Байден небәрі 5 сағат болды, содан кейін ол Варшаваға барды. Польша президенті Анджей Дуда Байденмен кездесуде «АҚШ Польша мен НАТО-ға қалай мұқтаж болса, Польша мен НАТО АҚШ-қа мұқтаж» деп атап өтті. Айтпақшы, әскери техникасы бар қоймаларды есептемегенде қазір поляк аумағында Солтүстік Атлантикалық Альянстың 12 мыңға жуық сарбазы орналасқан. Бұл - поляк басшылығы үшін қауіпсіздік кепілдігі. Байден АҚШ пен батыс елдері Ресей халқына «жау емес» деп сендірді. Варшаваға сапардан бір күн бұрын Владимир Путин федералды жиналыста сөз сөйледі, онда ол Украин қақтығысы мен Батыстың саясаты туралы өз көзқарасын білдірді. Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Украина қақтығысының өршуі, ондағы құрбандардың көбейгені Батыс элиталарына жүктелетін жауапкершілік. Батыстықтар үшін украин халқы бөтен. Олар Ресейге зиян келтіру мақсатын жасырған емес. Мұны олар стратегиялық жеңіліске балап отыр. Бұл біздің біржолата жеңілгенімізді күтіп отыр деген сөз. Сонымен қатар Путин өз сөзінде Мәскеу стратегиялық шабуыл қаруы туралы шартқа қатысуды тоқтатады деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ресейдің ядролық сынақтарды қайта бастауы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ егер АҚШ дәл осындай қадамға барса, аянып қалмайтынын жеткізді. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қара бауыр қасқалдақ»: Желтоқсан оқиғасын суреттейтін әйгілі әннің шығу тарихын білесіз бе
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады