"Ұл үйленеді дегенде баласынан айырылды". Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентер жазба жариялады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Аналар мерекесіне орай анасына арнап жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.Ол анасының көп қиындық көргенін жазған. "Ана, мама, менің Дишинкам.Осы жазбаны жазғым келіп жүргеніне 7-8 жылдай болды десем, күлетін шығарсыздар. Бүгін елімізде аналар күні тойланып жатыр. Өзім мамаммен бертін ғана сырласа бастаған қызбын. Білмеймін, әлде әкеме жақын болдым ба… (әкем 21 жыл бұрын дүниеден өтті) Есейген шақта да "мамам уайымдамасын" деп көп нәрсені жасыратынмын. "Ұят болады" тағы бар.Тұрмысқа шыққанда, бала босанғанда, жұмыстағы түрлі проблемалар сияқты түрлі жағдайлар көп қой әйелдерде, бәрін айтуға қысылатынмын. Іштей тынып, қоя саламын сонда. Сөйтсем, бұл мінезім анама тартқан екен ғой.Мен Дишинкамның қиналған кездерін көп көрдім. Адуынды енесі (жер барып хабар айтпасын), сырқат жұбайы бар, перестройка, ала дорба арқалаған кез. Енді балалар есейді дегенде папам дүниеден өтті, енді немере сүйіп қуанамыз дегенде әжем кетті, енді немере қызды ұзатып, ұл үйленеді дегенге баласынан айырылды, қызым орнықты ғой дегенде күйеу баласы да келмеске кетті. Өмір дерсіз, мұны басына түскен адам ғана түсінеді. Бірақ қандай жағдай болмасын уайымдайтын, кешіретін, күресетін, жаныңыздан табылатын адам - АНА.Ана жүрегін өзім "ана" болғанда ғана түсіндім. Ана жүрегі бәрін-бәрін сезеді. Қазір осы текстті жазып отырып, Дишинкам дұғасына қосып намаз оқып отырғанын білемін, сеземін. Ішімдегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес…Әр баланың өз Дишинкасы бар, сол Дишинкалар аман болсын, ауырмасын!Қыздар, аналарыңызбен сырласыңыздар, іштей тынбаңыздар, көмек сұрау - уайымдату емес!" - деп жазған ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апаты: Azerbaijan Airlines жолаушылардың тізімін жариялады
Ұшақ бортындағы жолаушылар тізімі жарияланды
Үкімет: Петропавлда балабақша салуға 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған