Эстрада әншілері Қуаныш Құрманбаев пен Қарлығаш Мырзагелдиева зәулім үйін халал балабақшаға айналдырғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы өнер иелері "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. "Өзіміз үй алдық, бірақ оның жөндеу жұмысы әлі біткен жоқ. Бұрынғы үйімізді бизнеске айналдырдық. Біреуге беріп кетпедік. Ол жерге туған әпкемді отырғызып қойдық. Аптасына бір рет өзім барып қадағалаймын. Тамағы да, барлығы да халал. Ұл балалар мен қыз балалар бөлек ұйықтайды. Балаларға адал жұмыс істесек, Алла бәрін береді. Өзім де алты баланың анасы болғаннан кейін, балалармен қалай қарым-қатынас құру керегін білемін. Қазір өркендеп, маңынан тағы да бір балабақша салып жатырмыз", - деді әнші Қарлығаш Мырзагелдиева.Сондай-ақ, әнші Қуаныш Құрманбаев күйеуіне қымбат көлігін сыйлағанын да айтты. Айта кетейік, Қуаныш пен Қарлығаш жұбының "Қазақстаным", "Бағала", "Әппағым-ай", "Керемет", "Сен барда" сынды әндері бар.