"Үлкейіп келе жатырмын": Кәмшат Жолдыбаева жазбасымен елді ойландырып қойды

Көптен бері ел алдына шықпай, әлеуметтік желіде жоқ болып кеткен Кәмшат Жолдыбаева оқырмандарымен байланысқа шықты. Өнер иесі орамал таққан видеосын жариялап, жазбасымен елді ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Кәмшат Жолдыбаева Instagram желісінде жаңа видео жариялап, өзінің жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды. Бұған дейін ашық образдардарын паш етіп келген өнер иесінің стилі бүгінде түбегейлі өзгеріп кеткен. Бейнежазбада әнші арудың орамал тағып алғанын көруге болады. Шоу-бизнес жұлдызы өзін іздеген жандардың қал-жағдайын біліп, желіде жазба жариялаған. "Қалдарыңыз қалай? 2024-тегі алғашқы "жүріп өтуім". Бара-бара мұндай жай "жүрістерден" тұратын контенттерді де қысқартуға ниеттімін, үлкейіп келе жатқанымның белгісі ме, бір Алла біледі. Сіздермен бір амандасып, амандығымды білдірейін деген жүріс қой. Оның үстіне ауа райы да тамаша. Сіздерде не жаңалық? Қалай үлкейіп жатсыздар", - деп жазды ол. Жолдыбаеваның образы желіде қызу талқыға түсті. Оған қоса әнші арудың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды. Оқырмандар өнер иесінің аяғы ауыр деп болжауда. "Күйеуі мықты тәрбилеп тастаған", "Өзгеріп кетіпті. Керемет образдары қайда? Не болып кеткен?", "Осындай Кәмшат сұлу", "Орамал сыртынан бас киім киетіндерді түсінбеймін", "Алла енді қос-қостан ұл берсін", "Аяғыңыз ауыр секілді", "Сахнадан неге кетіп қалдың? Орамал не үшін? Не болып жатыр өзі?", "Бұрынғы Кәмшат ұнайды", "Жазбасы екі ойлы екен. Үлкейіп дегені аяғы ауыр дегені ме", - деп жазуда көпшілік. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
16 желтоқсанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты