Ұлттық банк әлемнің алпауыт елдері экономикасына шолу ұсынды

Еуропаның алпауыт елдеріндегі инфляция деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.«Биылғы жыл басынан дамыған елдердің акциялары 7,6 пайызға өсті. Америка Құрама Штаттарында 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі 3,64 пайызға дейін 23 базалық тармаққа төмендеді. Доллар индексі 0,78 пайызға нығайды. Жыл басынан бері кеңейтілген индекстегі акциялардың өсуіне қарамастан, кең ауқымды экономиканың барометрі саналатын шағын капиталды акциялардың бағасы өзгеріссіз қалды. Бұл – экономиканың өсу тәуекелдерін білдіреді», - деді ол. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, пандемиядан кейін Қытай экономикасы баяу түрде қалпына келе бастады. Мамыр айындағы өндірістік белсенділіктің мәндері күткеннен төмен болып, COVID-ке қарсы шектеулер алынғаннан ең төменгі деңгейге жетті. «АҚШ-тағы және Еуропаның алпауыт елдеріндегі инфляция деңгейі баяулағанмен, жоғары күйінде қалды. Нарық Еуропа Орталық банкі мен Англия банкінің мөлшерлемелерді тағы да көтереді деп болжап отыр. Ал Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемелерді арттыруды тоқтата тұратыны жайлы белгі бере бастады», - деді Ғалымжан Пірматов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістанда креативті хаб ашылды
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
«Тамаша» туралы тамаша тарту
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Соғым FEST: Астаналықтарға жүз тоннадан аса соғым етін ұсынды
Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Рудныйдағы аялдамада Түркістан облысының 4 жасар баласы табылды
Полиция подполковнигі үй иесін өрттен құтқарып қалды
Доллардың бүгінгі бағамы
Қазақстан Елшісі мен Швеция СІМ басшысы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады
Алматыда «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді