Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты. Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасуда. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр. Бірқатар сауда-серіктес елдерде инфляция біршама қарқын алып, сыртқы инфляциялық қысым сәл күшейді. Әлемдік азық-түлік бағасында төмендеу үрдісі жалғасып, сыртқы инфляциялық жағдайға оң әсерін тигізіп отыр. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтана қоймаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр. Бүгінгі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсартуға мүмкіндік едәуір шектеулі. Инфляциялық факторларда қалыптасқан баланс, оның қазіргі (айлық) қарқынының динамикасы және фискалдық саясат параметрлеріндегі белгісіздік алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлеменің бүгін қалыптасқан деңгейінде сақталу ықтималдығын арттырып отыр. Бұл ретте деректерді жинау, сондай-ақ экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуын мониторингтеу қажет. Жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты. Айлық инфляция орташа жылдық мәндерден (0,6%) жоғары қалыптасып, 0,8% құрады. Тұтынушылық бағалардың өсуіндегі орнықты бөлікті сипаттайтын базалық инфляция және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция біраз қарқын алып, таргеттен жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Үш ай қатарынан баяулап, қаңтарда біршама төмендеген халықтың инфляциялық күтулері базалық мөлшерлеменің төмендеуіне себеп болды. Жалпы сыртқы инфляциялық фон бейтарап күйде қалыптасып келеді. Әлемдік азық-түлік пен энергия бағасының төмендеуінен жаһандық инфляция баяулап отыр. Сонымен бірге Ресейде инфляция жоғары деңгейде қалыптасып, Қытайда айлық инфляцияның өсуі байқалады. Қаңтарда ФАО азық-түлік бағасының индексі астық пен ет бағасының арзандауына байланысты төмендеді. Жаһандық инфляцияның баяулауына қарамастан, сыртқы ақша-кредит шарттары қатаң қалпында қалуда. АҚШ ФРЖ және ЕОБ инфляцияны нысаналы мәндерге қайтару қажеттілігіне байланысты мөлшерлемелерін төмендетуге асықпайды. ОПЕК+ мұнай өндіру ісін үздіксіз қысқартуына, АҚШ тарапынан өндірістің қалыпты өсуіне және Таяу Шығыстағы әскери қимылдарға байланысты базалық сценарийде Brent маркалы мұнай бағасы 2025 жылдың соңына дейін барреліне 80 АҚШ доллары деңгейінде тұрақтанады жеген болжам бар. 2026 жылы мұнай бағасы жылдық орта есеппен 77 АҚШ долларына дейін төмендейді деп күтілуде. Сонымен қатар сценарийде әлемдік азық-түлік бағасының (ФАО астық бағасының индексі) 2024 жылдың ортасына дейін біршама көтеріліп, содан кейін ғана тұрақтануы мен одан әрі төмендеуі қарастырылған. Алғышарттар, бір жағынан, Қызыл және Қара теңіз логистикасындағы ықтимал қиыншылықтар тәуекелін, екінші жағынан ФАО-ның 2024 жылғы маусымның соңында астық түрлері мен әлемдегі астық қорларының өсуіне қатысты болжамдарды көрсетеді. 2024 жылға инфляция болжамы 7,5-9,5% аралығында, 2025 жылға 5,5-7,5% шегінде сақталды. 2026 жылы инфляция 5-6% шегінде болжанып отыр. Инфляцияны болжаудағы негізгі тәуекелдер бюджеттік саясат параметрлеріндегі белгісіздікке, инфляциялық күтулердің тұрақтанбауы жағдайында инфляцияның орнықты динамикасына, сауда-серіктес елдерге қатысты ықтимал жаңа санкцияларға байланысты. Ағымдағы параметрлерге сәйкес Қазақстан экономикасының 2024 жылы өсу болжамы 3,5-4,5%-ға дейін көтерілді. Ал 2025 жылға болжам 5,5-6,5% аралығында сақталды. 2024 жылы экономиканың өсуі іскерлік белсенділік жағдайының жақсаруына байланысты ішкі сұраныс есебінен қамтамасыз етіледі. 2025 жылы экономиканың мейлінше жоғары өсуі, көбіне, ТШО-да өндірістің кеңеюі есебінен мұнай өндірудің артуымен қамтамасыз етіледі. 2026 жылы мұнай бағасының сценарийге сәйкес төмендеуінен және болжамның ағымдағы алғышарттарынан ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3,5-4,5% болады. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың қалыптасуы мен іске асуына қарай ЖІӨ өсуі мен инфляция болжамдары қайта қаралуы мүмкін. Ұлттық Банк ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5% мақсатқа жету міндетін ұстанады. Бұл ұстамды қатаң ақша-кредит саясатын ұзақ уақыт жүргізуді талап етеді. Осыған байланысты ақша-кредит саясатын одан әрі жұмсартуға мүмкіндік едәуір шектеулі. Инфляция факторларының қалыптасқан балансы, оның қазіргі (айлық) қарқынының динамикасы және фискалдық саясат параметрлерінің белгісіздігі алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлеменің бүгін қалыптасқан деңгейінде сақталу ықтималдығын арттыра түсті. Ұлттық Банк экономикадағы ақпарат легін қадағалап, реформалардың іске асырылуына және тәуекелдер балансына мониторинг жүргізуді жалғастырады. Болжамның негізгі параметрлері баспасөз релизіне берілген қосымшада келтірілген. Қабылданған шешім мен болжам факторлары туралы барынша толық ақпарат 2024 жылғы 4 наурызда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында[1] Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада ұсынылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Азаматтығын ауыстырған ресейлік Қазақстанға Универсиада медалін әперді
Азаматтығын ауыстырған ресейлік Қазақстанға Универсиада медалін әперді
  • penalty
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
  • baq.kz
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
  • baq.kz
Тұман және көктайғақ - 9 қаңтар Қазақстандағы ауа-райы
Тұман және көктайғақ - 9 қаңтар Қазақстандағы ауа-райы
  • TengriNews
Азаматтығын ауыстырған ресейлік Қазақстанға Универсиада медалін әперді
Азаматтығын ауыстырған ресейлік Қазақстанға Универсиада медалін әперді
  • penalty
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды
Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды
  • baq.kz
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Қазақстан әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
  • sn.kz
 Жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ- Республикадағы ауа-райы
Жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ- Республикадағы ауа-райы
  • Massaget
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
  • el.kz
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
  • turkystan
  Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды
Сатиралық паблик авторы екі айға қамауға алынды
  • aikyn
Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
Софья Самоделкина қысқы Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
  • el.kz
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
  • baq.kz
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
  • el.kz
Көздегі мең қай кезде инсульттің белгісі болуы мүмкін?
Көздегі мең қай кезде инсульттің белгісі болуы мүмкін?
  • Massaget
ҚР АШМ Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысуда
ҚР АШМ Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысуда
  • baq.kz
Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды
Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды
  • baq.kz
Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
Баланы тепкен балабақша тәрбиешісі жұмыстан қуылды
  • azattyq-ruhy
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылысынан 50-ден астам адам көз жұмды
Нигерияда жанармай таситын көлік жарылысынан 50-ден астам адам көз жұмды
  • el.kz
“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?
“Ұзақ жазылады“. Қыста аяқ-қолдың сынуына қатысты қандай ырым бар?
  • Massaget
Атырау облысында 6,4 миллион шабақ құтқарылды
Атырау облысында 6,4 миллион шабақ құтқарылды
  • baq.kz
Қарағандыда жылқы қырылып жатыр
Қарағандыда жылқы қырылып жатыр
  • azattyq-ruhy
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
  • baq.kz
Шымкентте ерекше ота жасалды
Шымкентте ерекше ота жасалды
  • azattyq-ruhy
Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс берді
Қазақстан 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс берді
  • sport12.kz
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 17-туры аяқталды
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 17-туры аяқталды
  • sport12.kz
Қысқы универсиада: Бүгін кімдер сайысқа түседі
Қысқы универсиада: Бүгін кімдер сайысқа түседі
  • sport12.kz
Қысқы универсиада: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Словакиямен ойнайды
Қысқы универсиада: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Словакиямен ойнайды
  • sport12.kz
Қоғамда жиі наразылыққа ұшырайтын МӘМС қорының басшысыы қызметтен кетті
Қоғамда жиі наразылыққа ұшырайтын МӘМС қорының басшысыы қызметтен кетті
  • qaz365.kz
UFC Жалғас Жұмағұловқа қатысты шешім шығарды
UFC Жалғас Жұмағұловқа қатысты шешім шығарды
  • penalty
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
  • qaz365.kz
Қазақстан мен Ресейдің шекараны шегендегеніне 20 жыл болды
Қазақстан мен Ресейдің шекараны шегендегеніне 20 жыл болды
  • qaz365.kz
Тоқаев Путинді тарихи құжатқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады
Тоқаев Путинді тарихи құжатқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады
  • TengriNews
ҚАЖК басшысы қызметінен босатылды: себебі аталды
ҚАЖК басшысы қызметінен босатылды: себебі аталды
  • TengriNews
Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді
Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді
  • TengriNews
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді
  • TengriNews
Қызылорда-Астана рейсінде студент жолаушының өмірін сақтап қалды
Қызылорда-Астана рейсінде студент жолаушының өмірін сақтап қалды
  • TengriNews
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
  • TengriNews
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды
Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Сиқырлы, керемет»: Желі қолданушылары белгілі әншінің образына жаппай тамсанды (ФОТО)
«Сиқырлы, керемет»: Желі қолданушылары белгілі әншінің образына жаппай тамсанды (ФОТО)
  • sn.kz
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан стюардессаның отбасы алаяқтарға алданған
Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан стюардессаның отбасы алаяқтарға алданған
  • Massaget
«Жабыла іздегенмен табылмады»: Күйші Секен Тұрысбек домбырасын ұрлатып алғанын айтты
«Жабыла іздегенмен табылмады»: Күйші Секен Тұрысбек домбырасын ұрлатып алғанын айтты
  • sn.kz
«Жас жұбайлар сияқты»: Қайрат пен Жұлдыздың тойдағы әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
«Жас жұбайлар сияқты»: Қайрат пен Жұлдыздың тойдағы әрекеті жұртты тәнті етті (ВИДЕО)
  • sn.kz
Шығыс Қазақстанда екі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Шығыс Қазақстанда екі жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • turkystan
Астанада фитнес орталықтан өрт шықты
Астанада фитнес орталықтан өрт шықты
  • turkystan
Шымкент: Алғаш рет кеңірдектің циркулярлы резекциясы отасы жасалды
Шымкент: Алғаш рет кеңірдектің циркулярлы резекциясы отасы жасалды
  • Otyrar
Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды
Qaznews24 паблигінің авторы екі айға қамауға алынды
  • qaz365.kz