Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 шілдеге арналған бағамын белгіледі.Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448,13 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,01 теңге. 3 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,07 теңгеге төмендеп, 448,19 теңгені құрады. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448– 452 теңгеден сатылып жатыр, ал Алматыда 448 – 451 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5, – 5,15 аралығында ұсынылуда.