Ұлттық бірыңғай тестілеуге қандай заттар алып кіруге рұқсат етіледі

Қазақстанда мектеп бітіруші түлектердің негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды.Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев тестілеуге қандай заттар алып кіруге болатынын тағы бір рет түсіндірді. «Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан Direct пен пікірге тестілеуге өзіммен бірге калькуляторды алып келсем бола ма деген сұрақтары келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетсем. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып келуге болмайды. Сіздерге тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауаттылық, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор ұсынылады», - деді Руслан Емелбаев. Ол сондай-ақ компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болатынын айтты. «Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздер үшін жасалып отыр, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн», - деп ескертті ҰБТ орталығының басшысы. Айта кетейік, биыл негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Мектеп бітіруші түлектерге екі рет сынақ тапсыруға мүмкіндік берілді. Бейіндік тақырыптар бірдей болуы керек. Жоғары оқу орындарындағы бюджеттік орындарға үміткерлер арасындағы байқауда үздік нәтиже есепке алынады. Тестілеу күнін, уақытын және орнын үміткерлер өздері таңдайды. Наурыздағы ҰБТ қорытындысы бойынша тестілеудің орташа көрсеткіші 136 балдан 70-ті құрады. Оған 111 000 түлек қатысты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда полицейлер күшейтілген режимге ауыстырылды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Грузия жаңа президентін сайлады
Азаматтығын ауыстырған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан чемпионы атанды
Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа мерзімінен босату туралы шағым түсірген
Екі облыста жолдар жабылды
Оралда құтқарушылар 6 сиырды жұқа мұздың үстінен эвакуациялады
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті