Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі вице-министрге қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады. Айта кетейік, Ілияс Өсеров 2022 жылы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.