Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады

Елімізде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі айтты. Мекеме жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізіп, жерасты суларын ұтымды пайдалану мәселесін бақылауда ұстайтын болады. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысындағы бес ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 62 процентке жетті. Осы аптада мұнда су тасқыны болады деген болжам бар. Сондықтан барлық жауапты қызметтер жоғары дайындық режиміне ауысты. Ал Қостанай облысында екі ірі су қоймасы орта есеппен 93 процентке толса, Солтүстік Қазақстан облысындағы қоймалар 100 процентке толған. Ғалымжан ҚАМБАРБЕКОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Артық сулары бар су қоймалары транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр. Және ол су қоймаларындағы суды жазғы кезде және су аз жылдарда қолданатындай жинақтау басты мақсатта тұр қазір. Су қоймаларының міндеті – тасыған суды төменгі бөліктерге бірден жібермей, су тасу, су басу қаупінен мейлінше сақтап қалу болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда барлығы 800-ге жуық бірлік техника мен мың жарымнан астам адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда. Су шайған жолдар мен көпірлер дереу қалпына келтіріліп жатыр. Сәкен ДІЛДАХМЕТ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ: Су алу маусымы басталғалы бері Ақтөбе облысының Ырғыз өзені арқылы өтетін көпірін бір тәулікке жетпей уақыт ішінде қалыпқа келтіріп, қозғалыспен қамтамасыз еттік. Павлодар облысындағы республикалық трассаны да біз өзіміз қолдан бұзып елдімекенге қауіп төнгеннен кейін, судың ағысын бұрып, кейін екі күнде қалыпқа келтіріп, қазір жол қозғалысын қайтып ашқан болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстаудағы білім беру жүйесінің жетістіктері мен даму жоспарлары қандай
Жозе Моуринью “Реалдан” кеткеніне өкінішін білдірді
Жаңа жыл түнінде Ақтаудағы жасанды пальма өртенді (ВИДЕО)
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жаңа жыл қарсаңында жедел жәрдем қызметіне 27 мыңға жуық шақырту түсті
Ең төменгі жалақы мөлшері өсті
Алматы кафелерінің бірінде студенттер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасы 2025 жылы бокстан екі әлем чемпионатына қатысады
Жаңа жыл түні қанша адам жедел жәрдем шақырған?
Семейде кафе өртеніп, соңы жарылысқа ұласа жаздады
Жаңа жыл түні Алматы облысының тұрғындары дәрігер көмегіне көп жүгінді
Жаңа жыл күні өмірге келген сәбилердің саны белгілі болды
ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды
«Бір-бірінен айнымайды»: екі «Қожаның» ұқсастығы жұртты таңғалдырды (Видео)
Қазақстанның 10 облысында дауылды ескерту жарияланды
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«Анасына тосынсый жасамақ болған»: Ұлытау облысында жол апатынан екі жігіт қаза тапты (ВИДЕО)
Тоқсанға жуық өрт өшірілді
Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
Қазақстан құрамасы алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Ауа райының бұзылуына байланысты үш облыста жол жабылады
Шымкентте демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүру уақыты ұзарды
Құтқарушылар жаңа жыл түнінде күшейтілген режимде жұмыс істеді