Құрманбек Жұмағали «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.Мәдениет және спорт минисрі Асхат Оралов жаңа басшыны ұжымға таныстыру барысында оның масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар екенін атап өтті. Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. 2004-2007 жылдар аралығында – «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі; 2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі; 2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі; 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі; 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры; 2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған; 2017-2018 жылдары - Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болды; 2018-2019 жылдары - «Қазақ радиолары» ЖШС директоры болып тағайындалды; 2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды; 2019-2021 жылдар аралығында «Астана» телеарнасының бас директоры болды; 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «31» медиахолдингінің Бас директоры қызметін атқарды.