«Ұлттық қор – балаларға»: БЖЗҚ қаржының қалай есептелетінін түсіндірді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасында қаржының қалай есептелетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.Қазақстан азаматы болып саналатын барлық балаға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы есептеледі. Табыс 18 жыл бойы есептеледі. Есепті жылы барлық бала ақшаны бірдей мөлшерде алады. Сондай-ақ балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептеледі. Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептеледі және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толғандар жинақты 2 мақсатқа – тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады. Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл нысаналы жинақтар Қазақстан заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Балалардың заңды өкілдері не істеуі керек: Баланың жеке басын куәландыратын құжатты, оның ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін алу (егер бұл қандай да бір себептермен әлі жасалмаған болса); Деректемелердің бар-жоғын және олардың дұрыстығын тексеру: кәмелетке толмаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, ЖСН, азаматтығы; «Электронды үкімет» веб-порталындағы Жеке кабинеттің «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде өзінің балалары туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеру. Егер балада: Жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН-і жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет; Азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша Көші-қон қызметіне жүгінуі керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған