Кей қазақстандықтарға баланы "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатыстыру мақсатында оның жеке деректерін базаға "енгізу" қызметі ұсынылуы мүмкін. Әлбетте, аталған қызмет тегін емес. Шындығында бұл алаяқтардың әрекеті. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз. 2024 жылдан бастап Қазақстандағы әр бала Ұлттық қордың инвестициялық кірісі есебінен төлем ала бастайды. Бала 18 жасқа толғанға дейін қаражат жыл сайын оның арнайы шотына аударылып отырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өкілдерінің хабарлауынша, алайда қазірдің өзінде әлеуметтік желі мен мессенджерлерде кәмелетке толмаған балалардың дерегін ақылы түрде мемлекеттік базаға енгізу қызметін ұсынатын "көмекшілер" пайда бола бастаған. Шынтуайтында, бұл – алаяқтар. Жүйе негізінен автоматты түрде жұмыс істейді, ал деректер базасы қазақстандықтар өтініш бермей-ақ өздігінен жасақталады. Бастысы "Электрондық үкімет" порталындағы жеке кабинетіңізден балаңыз туралы деректердің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар болуын және олардың дұрыстығын тексеру керек. Егер сіздің жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізе аласыз. Ол үшін қандай да бір құжат жинап, шот ашып немесе белгілі бір ведомствоға барып керек емес. Қорыта айтқанда, БЖЗҚ өкілдері делдалдық қызмет көрсету туралы жарнамаларға сенбеуге шақырады. Себебі алаяқтар балалардың деректерін жеке бас пайдасы үшін пайдалануы әбден мүмкін.