«Ұлттық қор – балаларға» жобасына ата-аналар ешқандай құжат жинамайды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков тұрғындармен кездесуде мәлімдеді. Жобаға барлық бала қатысады. Ешқайда барудың қажеті жоқ, тұтас процесс автоматтандырылған. Бірыңғай жинақтаушы қор Әділет министрлігімен бірлесіп, тиісті интеграциялық жұмыс жүргізеді. 18 жасқа дейін қаражат Ұлттық қорда сақталады. Кәмелетке толмаған балалар арасында ең көп қаржыны 2023 жылы туған балалар алады. Айта кетейік, елімізде кәмелетке толмағандар саны 7 млрд-қа жуықтайды. Дәурен ТЕМІРБЕКОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: ҚР Азаматтары 18 жасқа толғанға дейін қатысушылар болып есептеледі. Кәмелетке толғаннан кейін ғана алушылар санатына көшеді. Сондай-ақ алушылар ретінде заңды өкілдермен мұрагерлерде бола алады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Ләззат ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бізде бұл қаржыны тұрғын үйге пайдаланудың ережесі болады. Ол индустрия және құрылыс министрлігінің бұйрығымен бекітіледі. Өйткені бұл тұрғын үйге қатысты мәселе. Ал, білім беру мақсатында пайдаланудың да ережесі болады. Оны да жоғары білім және ғылым министрлігі бекітеді.