«Ұлттық қор – балаларға»: Мәжіліс заңды қабылдады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемдер туралы заңға енгізілген түзетулерді қарап, келісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Заң жобасы Қазақстан Парламенті Мәжілісіне 2023 жылғы 23 мамырында енгізілді. Оған бастамашы болған – Қазақстан Парламентінің депутаттары. Заң жобасының негізгі мақсаттары: кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау болып саналады. Биыл 23 қыркүйекте Қазақстан Парламентінің Мәжілісі қабылдаған заң жобасы Сенат қарауына жіберілген болатын. 13 қазанда Сенат заң жобасын кері қайтарды. Заңға 10 түзету енгізілді. Оның ішінде 5 түзету редакциялық нақтылау сипатында, 5 түзету заңның жекелеген нормаларын ішкі және заңнамалық актілерге сәйкес келтіруді көздейді. Атап айтқанда, мақсатты жинақтауда бірыңғай зейнетақы қорындағы шоттарға аудара отырып, екінші дейгейлі банктерде, Ұлттық пошта операторында ашылған банк шотына аударуды реттейтін нормалардағы долларды теңгеге аудару мүмкін емес, бұл аудару кезінде деп өзгертілді, - деп атап өтті Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Берік Бейсенғалиев. Сондай-ақ Қазақстан Тұңғыш президенті – Елбасы туралы конституциялық заңның қолдануын тоқтатуына байланысты терминологиялық біріздендіру үшін Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заңға түзету енгізілді. Сенат енгізілген түзетулер заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді. Жоғары айтылғандарды ескеріп, комитет Қазақстан Парламенті Сенатының өзгерістері және толықтырулармен келісуді ұсынады, - деді депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы вокзалының қызметкерлері 200 млн теңгеге тауар ұрлаған
Қарағандыда балабақшадан 82 бала эвакуацияланды
Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамытуда қандай жобалар қолға алынды
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Қарағандыда өрт шыққан балабақшадан 82 бала эвакуацияланды
Көру қабілеті бұзылған балалардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр
Ақтауда мектепке жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған күдікті ұсталды
Астанада алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?