Ұлттық қордан балаға ақша аударылуы үшін не істеу керек?

Келер жылдан бастап елімізде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақтаушы шотына аударылып отырмақ. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды."Ұлттық қор – балаларға" жобасына 18 жасқа толмаған қазақстандықтар қатыса алады. Егер кәмелет жасына жетпеген бала Қазақстан азаматтығынан бас тартып әрі шетелге көшіп кететін болса, онда оған қаражат аудару тоқтайды. Бағдарламаға қатысу үшін балаларға есепшот ашу талап етілмейді. Ата-аналар балаларының құжаттарын тасып, мемлекеттік органдардың табалдырығын да тоздырмайды. Себебі арнайы шот автоматты түрде ашылады. Бар болғаны электронды үкімет порталында балаларының ЖСН деректерінің бар болуына көз жеткізіп, оның дұрыс-бұрыстығын тексерген абзал. 2024 жылдан бастап eGov және БЗЖҚ порталдары арқылы шотқа түскен қаржы мөлшері туралы да біліп отыруға болады. Егер бала қайтыс болса, онда Ұлттық қордан бөлінген төлем оның мұрагеріне (ата-анасы, қамқоршысы немесе басқа да заңды өкілдері) беріледі. Жыл сайын түсетін төлем доллармен сақталады Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жүйеге туғанынан бастап қатысатын балаларға 18 жылда шамамен 3 мыңнан 4 мың долларға дейін төлем түседі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Ұлттық қор – балаларға": Былтыр қанша қаржы нысаналы мақсаттарға пайдаланылды?
Қысқы Универсиада: Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны жеңді
«Біз енді бөтен адамдармыз»: танымал әншінің алты жас үлкен әйелі жан сырын ақтарды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
Астанада қар тазалауға 2400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты
Ішкі істер министрлігінде 2025 жыл «Профилактика жылы» болып жарияланды
“Әйелімді тыныштандыруға тырыстым“. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы
«Біз енді бөтен адамдармыз»: танымал әншінің алты жас үлкен әйелі жан сырын ақтарды
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды
ІІМ: Былтыр елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайған
Алматыда дизельмен жүретін автобустарға тыйым салынды
"Ұлттық қор – балаларға": Былтыр қанша қаржы нысаналы мақсаттарға пайдаланылды?