Ұлттық қордан балаларға төлем жасау туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлданды.Заң жобасы жайлы депутат Берік Бейсенғалиев баяндады. «Заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2023 жылғы 23 мамырда оған бастамашы болған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсынуына сәйкес енгізілді. Заң жобасының негізгі мақсаттары кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау болып табылады. Жыл сайынғы аударымдарды есептеу үшін Ұлттық қордың есепті жылға дейінгі 18 жылдағы орташа жылдық кірістілігі пайдаланылады», - деді ол. Бейсенғалиев атағандлай, ол қысқа мерзімді құбылмалылықтың ұзақ мерзімді кірістілікке әсерін азайтады. «Бала 18 жасқа толғанға дейін есепке жазылған қаражат Ұлттық қорда болады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы құралдарына инвестициялауды жалғастырады. Бұл қаражат 18 жасқа толған кезде ғана баланың төлемдерді талап ету құқығын білдіреді. Ұлттық қордан қаражатты алу бала 18 жасқа толған кезде аудару мен пайдалануға қажетті сомада және жинақталған қаражат шегінде жүргізілетін болады. Нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алуды және есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды төлеуді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын болады.Жұмыс тобына 100-ден астам ұсыныс келіп түсті, олар мүдделі министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының тоғыз отырысында, Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды», - деді ол. Оның айтуынша, заң жобасын қарау барысында жұмыс тобының отырыстарында жекелеген нормаларды жетілдіру мақсатында бірқатар түзетулер қабылданды. Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
«Сиқырлы, керемет»: Желі қолданушылары белгілі әншінің образына жаппай тамсанды (ФОТО)
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды