Ұлттық қордың қаржысын үнемдейтін заң жобасы мақұлданды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы бойынша Мәжілістің жалпы отырысында баяндама жасады.«Бүгін қарау үшiн «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы енгізіледі. Заң жобасының ережелері Ұлттық қордың жинақ функциясын қамтамасыз ету жөніндегі Бюджет кодексінің талаптарын ескере отырып айқындалған. Бұл ретте Үкімет кепілдендірілген трансферттің мөлшерін екінші жыл бюджеттік қағидаларды қолдана отырып анықтауда. Бұл қағидалар Ұлттық қор қаражатының сақталуын қамтамасыз етуге және оның валюталық активтерін 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге ықпал етеді», - деді ол. Министр атағандай, заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2024 жылы барреліне 43,4 АҚШ доллары, 2025-2026 жылдары барреліне 40,2-41,8 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген. «Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2023 жылы 2,2 трлн теңгеден 2024-2026 жылдары жыл сайын 2 трлн теңгеге дейін төмендеумен айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың валюталық активтері 2024 жылы 68 млрд АҚШ долларына дейін қалпына келтіріліп, одан әрі 2025-2026 жылдары 80,7 – 93,3 млрд АҚШ долларына дейін өседі деп болжанады. Жалпы Ұлттық қорды орта және ұзақ мерзімді перспективада қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қордың қаражатын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталған», - деді ол. Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
ӘЧ-2026: Қазақстанның іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды
Өзін адвокатпын деп таныстырған ақтөбелік 22 адамды алдап кетті
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
Құтқарушының құрметті жолы
Қостанай облысында түнгі клубта кісі өлтірген күдікті сотталды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау