Мемлекеттік кеңесші, Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ерлан Қарин ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге пікір білдірді.«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынылған бастамаларды нақты жүзеге асыру жалғасуда. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қабылдады. Бұл түзетулерге депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атыраудағы сөзінен кейін бастамашылық етті, онда Президент қазіргі қоғамның бес негізгі әлеуметтік мәселесін атаған еді», - деп жазды Е. Қарин Telegram парақшасында.Атап айтқанда, Ұлттық құрылтай отырысында Президент лудомания мыңдаған отбасыларды қиратып, көптеген адамдарды қылмысқа итермелеп, сансыз қиыншылықтар әкелетінін атап өтті.Сондықтан Мемлекет басшысы Парламенттің қазіргі сессиясында ойынға тәуелділікке қарсы іс-қимыл туралы заң қабылдауды және лудоманиямен күресудің кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.«Еске сала кетейін, заң жобасын талқылауға Ұлттық құрылтай мен Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері белсенді қатысып, бұл мәселені қоғамдық салада алғашқылардың бірі болып көтерді», - деді Е. Қарин.