Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда сенаторлар зиялы қауым өкілдері және сарапшылармен бірге өзекті мәселелерді талқылады. Олар жаһандық сын-қатерлер кезеңінде жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру, жетілдіру аса маңызды деді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында осы тақырыпқа тоқталып, негізгі құндылықтарды атап өткені еді. Президент «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғым екенін айтқан. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Мемлекет басшысы аталған тұжырымның негізгі 6 тұғырын айқындап көрсеткен болатын. Сын қатерден қашық болу үшін елді ортақ мақсатқа жұмылдыратын құндылықтарға табан тіреу аса маңызды. Президентіміз жариялаған идеологиялық тұжырымның өзектілігі де осында. Бұл, жалпы, адамзаттық ауқымдағы құндылықтар тізбегі десек қателесе қоймаспыз.