Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің дерегінше, Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен Алмаз Нұразхан екі ай мерзімге қамауға алынды. Ол «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.Ә. Дүкембаева