«Ұлттық нейрохирургия орталығы Орталық Азияда көшбасшыға айналды», - Президент

Ұлттық нейрохирургия орталығына 15 жыл! Осы уақыт ішінде бұл мекемеде 60 мың пациент емделіп, 40 мыңнан астам операция жасалды. Тіпті, шетелден дертіне дауа таппай Қазақстанға арнайы келетіндер саны артқан. Шет ел азаматтары, әсіресе, ми мен жұлынға, бел-омыртқаға ота жасатады. Бұл – елдегі нейрохирургияның жетістігі дейді мамандар. Толығырақ Аружан Задабек айтады.Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылған тұста алғашқылардың бірі болып Жаңылсын Өшешоваға өте күрделі операция жасалды. 15 жыл бұрын аяғы ауыр келіншек құлап, оң жақ қолы мен аяғы істен шығады. Кейін оның басында ісік бар екені анықталады. Ол кезде іштегі нәрестеге 35 апта болған. Нейрохирургтер мен акушер-гинекологтар жүкті әйелді аман алып қалады. Ес-түссіз жатқан науқас 15 күннен кейін есін жиып, тұңғышы Ерасылды көреді. Жаңылсын ӨТЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Аллаға шүкір деймін. Барлығы жақсы, керемет. Өмірге деген талпыныс бәрі шексіз. Осы орталыққа, Серік Қуановичтің еңбегіне өте ризамын. Ерасылдың жасы қазір он бесте. Орталықпен түйедей құрдас. Ол болашақта дәрігер болуды армандайды. Ерасыл ДОСБОЛАЙ, ОҚУШЫ: 10 жасымда мамам менің қасыма келіп айтты. Сен осылай нейрохирургия орталығында дүниеге келдің деп. Шок болдым мен де. Өте қуанышты болдым құтқарғанына. Ұлттық нейрохирургия орталығына алыс-жақын шет елден дертіне дауа іздеп келетіндердің саны жыл санап артып келеді. Былтыр 30-дан астам өзге ел азаматы келіп емделген. 14 жыл ішінде 400-ден астам пациент дертінен айыққан. Омыртқаға жасалатын бір операция құны Еуропада біздегіден 10 есе қымбат екенін ескерсек, оларға Қазақстанда ем алу әлдеқайда тиімді. Талғат КЕРІМБАЕВ, ҰЛТТЫҚ НЕЙРОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Көбіне келшетін жұлын нейрохирургия. Әсіресе реконструктивті операция дейміз. Жанағы имплант салу. Ондай операция шетелде өте қымбат. Бізде өте арзан. Отандық нейрохирургтер күрделі операцияларда өте сирек әдісті қолданады. Дәрігерлер инновациялық медициналық технологияның озық үлгілерін еркін меңгерген. Алдағы уақытта да мықты кадрларды дайындап, жаңа технологиямен жұмыс істеу көзделіп отыр -дейді министр. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Жаңа технологияларды көрсететін кадрларды шет елдерде дайындайтын боламыз. Шет елдерден жақсы, ең үздік мамандарын біздің елге шақырылатын болады. Осы орталықтарда әрі қарай мамандар дайындалып, оқытылатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық нейрохирургия орталығын 15 жылдығымен құттықтады. Президент бұл мекеменің Орталық Азияда көшбасшыға айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысының хатын Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді. Сондай-ақ, астаналық нейрохирургтар омыртқаның физиологиялық құрылымын толығымен қайталайтын 3D имплант ойлап тапты. Ғылыми жаңалық рұқсат құжатын алғаннан кейін гемангиома және омыртқа зақымдануы бар науқастарға төрт ота жасалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
ӘЧ: Қазақстандық спортшылар үшінші рет ел рекордын жаңартты
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді
85 млн теңге қарыз: Түркістан облысында заңды белшеден басқан жүргізуші ұсталды
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
Әлемнің әр түкпірінен WhatsApp істен шыққаны туралы хабар тарап жатыр
"Дарын" жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Астанада көшенің ортасында көлік өртенді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді