Ұлттық ұлан офицері баланы ажал аузынан құтқарып қалды

Ұлттық ұлан офицері Костромада баланы ажал аузынан құтқарып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ресейде ҚР Ұлттық ұлан офицері баланы ажал аузынан құтқарып қалды. Жаз мезгілінде, өкінішке қарай, балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілейді. Жазатайым оқиғалар көбінесе ата-ана мен жақындарының балаға жіті назар аудармауы және ойын баласына сеніп тапсыруы салдарынан болып жатады. Кейбір ата-ана москиттік тордың мұндай жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын түсінбейді. ҚР ІІМ Ұлттық ұлан офицерінің қырағылығы мен ептілігі Ресейде болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. 8 маусымда сағат 19:30 шамасында подполковник Жандос Нұрахметов баласымен Кострома қаласының Галичская көшесінде серуендеп жүргенде, №51 үйдің 2-қабатынан 4-5 жастағы баланы байқайды. Ол терезеден ойыншық, киім, сөмкелерді лақтырып жіберді.Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан терезе алдында жалғыз отырған бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Балаға ішке қарай кір деп, қауіпті екенін түсіндірмек болдым. Алайда балақай құлақ аса қоймады. Сол маңда тұратын бір әйел келіп, бұл баланың денсаулығында кінәраты бар екенін айтты. Осы уақытта бала терезе арқауына асылып, сыртқа шығуға ұмтылды. Оның құлап кететінін сезіп, бар даусыммен айқайлай бастадым. Үй ішінде ересек адам болса, дауысты естісін деп. Алайда ойланып, біреудің шыққанын күтіп тұратын артық уақыт болмады. Дереу құбыр арқылы 2-қабатқа көтеріліп, баланы ақырын терезеге сүйреп апардым. Баламен бірге пәтерге кіріп, үйде ешкім жоқ екенін түсіндім. Мен кетсем, тағы қайталап жүрер деп балақайды көшеге алып шығып, ата-анасын жақсы танитын көршілеріне тапсырдым, – дейді ұландық офицер. Айта кетейік, Жандос Нұрахметов бүгінде Ресей Федерациясының Кострома қаласында Кеңес Одағының маршалы С.К. Тимошенко атындағы радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау әскери академиясының тыңдаушысы. Ұландық офицер үйленген, бір жарым жасар ұлы бар. Қазір Қазақстаннан жоғарыда аталған академияда алты курсант, екі тыңдаушы және бір адъюнкт білім адып жатыр. 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Алматы облысының Қаракемер кентіндегі 6654 әскери бөлімінен аталмыш білім ордасына оқуға түскен. Дәріс бір айдан кейін аяқталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді