Бес күнге созылған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті. Павлодар – Астана бағытындағы 500 шақырымдық қашықтықты Жетісу облысының шабандоздары бірінші болып еңсерді. Аламанда Маңғыстау облысының қатысушылары екінші орынға жайғасса, үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді. Жүлделі орынға ие болған командалар күзде өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Жарысты «AMANAT» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және оның құрамына кіретін «JORYQ» ат спорты федерациясы ұйымдастырды. Аманжол ӘЛТАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Президент арнайы осы тапсырма берді ұлттық спортты дамыту жөнінде. Соған сай біраз жұмыстар жасалып жатыр. Соның бір шарасы – Ұлы дала жорығы. Қазір әр аймақтарда резонанс туғызып жатыр. Біздің жастарымыздың жылқыға деген сүйіспеншілігін оятып жатыр десем болады.