21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды. Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.100 км:1. Жетісу облысы - 06:57:112. Маңғыстау облысы - 07:30:483. Алматы қаласы - 07:35:524. Қостанай облысы - 08:18:545. Жамбыл облысы - 08:24:306. Астана қаласы - 08:35:167. Қарағанды облысы - 09:24:288. СҚО - 09:32:219. Ақмола облысы - 09:53:5710. Түркістан облысы - 10:42:0811. Абай облысы - 10:45:3912. Ұлытау облысы - 11:14:3013. Павлодар облысы - 12:48:1314. «Рекорд» командасы. 300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ1. Жетісу облысы - 19:41:062. Маңғыстау облысы - 20:13:163. Алматы қаласы - 20:31:384. Жамбыл облысы - 21:44:475. Қостанай облысы - 21:48:556. Астана қаласы - 23:08:367. Қарағанды облысы - 23:49:238. Ақмола облысы - 24:21:239. СҚО - 25:09:0710. Түркістан облысы - 26:26:4411. Абай облысы - 26:29:1612. Ұлытау облысы - 28:13:1513. Павлодар облысы - 28:59:2614. «Рекорд» командасы.Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.). Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.Ақпараттық серіктестер: «Қазақстан», «Хабар», «Астана» телеарналары.