«Ұлы дала жорығы»: 8-кезеңде Алматы облысы командасы жеңімпаз атанды

13 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің сегізінші кезеңі аяқталды. Шабандоздар белгіленген маршруттың 750 шақырымын басып өтті.Сегізінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы жетісулық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Қостанай облысының командасы үшінші болып жетті.Марафонның бас ветеринары Ольга Гробер жорыққа жаңадан қосылған аттарға баға беріп, шабандоздарға басты екі кеңесін айтты. «Жорықтың 8-кезеңін тың аттармен бастадық. Барлығының дерлік жағдайы жақсы, кезекті 100 шақырымды 12 команда еш қиындықсыз өткерді. Қатысушыларға айтарым, қатты шабудың қажеті жоқ. Ақырын жүріп, анық басқан абзал. Ондайда су беру өте маңызды. Таңертең бәйге басталмай жатып, аттардың жай-күйін тексереміз. Бірінші 50 шақырымды бағындырған соң толыққанды медициналық тексеруден өтеді. Жүрек соғысының жиілігі секундына 64-тен жоғары болмауы керек», – деді О.Гробер. Сонымен 650 шақырымнан кейін қосылған жаңа аттардың жай-күйі шабандозға тікелей байланысты. Тағы бір ескерер жайт, жарыстан шығып қалған кейбір команданың мүшелері Түркістанға жеке-дара жетуге ниетті. Атап айтқанда, Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының бір-бір шабандозы атының мықтылығын дәлелдеуді мақсат еткен. Олар 1300 шақырымды бағындырған жағдайда оларға арнайы ынталандыру сыйлығы қарастырылмақ. Сегіз күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты: Маңғыстау облысы, 49 сағат 33 минут 13 секунд Қостанай облысы, 51 сағат 30 минут 03 секунд Ақтөбе облысы, 51 сағат 43 минут 44 секунд Жетісу облысы, 53 сағат 28 минут 44 секунд Астана қаласы, 54 сағат 38 минут 06 секунд Жамбыл облысы, 55 сағат 59 минут 26 секунд Алматы қаласы, 56 сағат 33 минут 18 секунд Абай облысы, 58 сағат 14 минут 35 секунд Алматы облысы, 60 сағат 46 минут 52 секунд Түркістан облысы, 60 сағат 48 минут 51 секунд Қарағанды облысы, 64 сағат 34 минут 41 секунд Ұлытау облысы, 79 сағат 53 минут 35 секунд 12 команда 14 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеру үшін Қызылорда қаласына бағыт алады. Түскі астан соң 8-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 850-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр. Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді