«Ұлы дала жорығы»: «AMANAT» партиясы қолдау көрсеткен бәйгеде әлемдік рекорд орнады

«AMANAT» партиясының қолдауымен екінші мәрте ұйымдастырылған республикалық «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының жеңімпаздары марапатталды. Астанадан аттанған шабандоздар Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда облыстарын еңсеріп, Түркістанға дейінгі 1300 шақырым қашықтықты екі апта ішінде жүріп өтті. Мәреге бірінші болып Жетісу облысының командасы жетті. Жүлделі 2-ші орынды ақтөбелік шабандоздар қанжығаласа, 3-ші орынды Алматы қаласының командасы иеленді. Ал Абай облысының шабандоздары мәреге 4-ші болып жетті. Былтырғы жарыста екінші орынды қанағат тұтқан жетісулықтар биыл ауа райының құбылмалылығы, тау мен тасты жерлердің қиындығында аса жоғары дайындық пен тактика нәтиже бергенін айтады. Данияр ЖЫЛКЕЛДИЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Басында кішкене жылдамдықты қосып алдық бір екі күн. Одан кейін ақырын аттарды демалтып алдық. Соның өздеріңізде көрсеңіздер таблицаны, үшінші- төртінші боп жүріп отырып соңғы екі күнде жылдамдық қосып, бірінші орын иелендік. Рүстем ДОСЖАНОВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл жоба деген айтып тауыса алмайсыз, керемет. Қаншама адамдармен таныстық. Қаншама жануар тұлпарлардың, қазақтың қазанаттарының 650 емес 1300 шақырымға толық жүріп шыға алатынын, одан да жоғары шақырымдарды, белестерді бағындыратынына көзіміз жетті. Сондықтан бұл жоба деген қазақ жылқысына, ұлттық брендке өте пайдасы зор. Керемет жоба деп есептейміз. Бұдан бөлек, биылғы бәйгеде екі әлемдік рекорд орнады. «Рекорд» командасының шабандозы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен 98 сағат 50 минутта және соңғы 50 шақырымды небары 1 сағат 33 минутта жүріп өтті. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталды. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек бәйге дүбірі күн өткен сайын алысқа тарап жатқанын жеткізді. «Бұл – ел мерейін асырған, рухымызды көтерген дүбірлі дода болды. Біздің қажырлы азаматтар мен қайсар қазанаттар батыр бабаларымыздың рухын жаңғыртты»,- деген Атқарушы хатшы «AMANAT» партиясы ұлттық спортты, соның ішінде ат спортын дамытуға алдағы уақытта да айрықша атсалысатынын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Фандомат – пайдалы құрылғы
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
«Біреуді мазақ еткен комментке лайк басу күнә». ҚМДБ пәтуа жасады
Универсиада: Үшінші жарыс күні ел құрамасы үшін сәтті аяқталды
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Тасқын турасында тағы да шу
Қазақстанда валюталық операцияларды бақылаудың жаңа ережелері енгізіледі
Фандомат – пайдалы құрылғы
«Жас еңбекшілер» жобасы басталды
Семей әуежайы амбулаториялық лифт берілді
«Қазақстандағы №1 емші»: Шымкент тұрғыны халыққа онлайн дем салып, емдеп жүр (ВИДЕО)
Жемқорлықты жүгендеудің жаңа құралы
Ұлытауда жоғалған малшы табылды
Қазақстандық кілемдер әлемдік нарыққа шықты
Орнықты дамудағы ортақ мүдде
Белгілі актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отау құрмақ
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Алматының қоғамдық орындарында алғаш рет 24 дербес кітапхана орнатылды
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Маңғыстау облысында 2024 жылдың күзгі әскерге шақыру науқаны аяқталды
Көк тиыны жоқ аға баю, үш-төрт рет күйеуге тиген апа бақытты отбасы туралы айтады – Қанат Әлжаппаров (Видео)
«Арбауына түсіп қалдым»: Қарағандыда имам алаяқтарға 1 млн теңге аударып жіберген (ВИДЕО)
Алматының қоғамдық орындарында 24 дербес кітапхана орнатылды